Мемлекет басшысы Ташкентте Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізеді. Онда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамытудың жолдары талқыланады.
Мемлекет басшысы 2017 жылғы 17 қыркүйекте жұмыс сапарымен Түрікменстанға барады. Сапар аясында Қазақстан Президенті Ашғабадта жабық ғимаратта өтетін және жауынгерлік өнер сынға түсетін V Азия ойындарына қатысады.
* * *
Нұрсұлтан Назарбаев 14 қыркүйекте отандық және Қазақстанда тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.