22 Қазан, 2011

Пәтерлер жеребе бойынша бөлінді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биылғы көктемгі су тасқынында үйлері суға кетіп баспанасыз қалған Орал қаласының тұрғындарына жаңа пәтерлер жеребе бойынша бөлінді. Осы арқылы кімге қай қабаттан пәтер бұйыратындығы анықталды. Сондай-ақ мүгедектер мен жастары ұлғайған адам­дар­ға төменгі 1-ші және 2-ші қабаттардан пәтер бөлу әді­летті болады деп табылды. «Жаңа баспаналар сараптау комиссиясының қоры­тындылары бойынша бұрынғы жарамсыз үйлердің көлеміне байланысты берілді», – деді газет тілшісіне Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал.