22 Қазан, 2011

Мәжіліс төрағасының ресми сапары

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24 қазан, дүйсенбі күні Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бұл сапар барысында Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен, сон­дай-ақ Премьер-министрі Михаил Мясниковичпен кездесулер өтетіні қарас­ты­рылу­да. Мәжіліс Төрағасының Беларусь Республикасы Ұлттық жи­на­лысы Өкілдер палатасының Төр­ағасы Владимир Андрейченкомен және Беларусь Респуб­ли­касы Ұлттық жиналысы Респуб­ликалық кеңесінің Төрағасы Анатолий Рубиновпен кездесулер өткізетіні жоспарлануда. Орал Мұхамеджанов Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымы­ның Парламенттік Ассамблея­сының (ҰҚШҰ ПА) отырысына қатысады деп күтілуде.