– Ертең Румыния бапкері ретінде тұңғыш матчымды Қазақстан құрамасына қарсы өткіземін. Бұл мен үшін маңызды ойын болмақ. Сондай-ақ матч Плоешти қаласында өтетіні жақсы болды. Өйткені, жергілікті командамен Румыния кубогын жеңіп алғанмын. Ертең де аталған қаладағы жеңісімді жалғастырғым келеді.
– Қазақстан құрамасының футболшылары туралы не айта аласыз?
Қазақстан өте жақсы құрама. Физикалық тұрғыда бірнеше мықты футболшыларыңыз бар. Ертеңгі ойында футболшыларыңыз бізге біраз қиындық тудыратыны анық. Біз барынша жоғары дәрежеде ойнап, ойынды өз бақылауымызға алуға тырысамыз. Егер, ертеңгі матчта жоспармызды жүзеге асыра алмасақ, онда біз үшін тосын сый болмақ.
– Астанада Румыния құрамасы Қазақстанмен тең ойнаған болатын. Құрамаларыңыздың жеңіске жетуіне не кедергі болды?
– Былтырғы ойын біз үшін өте қиын болды. Құрама ол ойынға толық дайын болған жоқ еді. Тағы бір айта кетерлігі, Астанадағы ойынға жасанды стадионның да кері әсері болды. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы өте жақсы ойнағанын айта кеткен жөн. Бүгін ойында біздің құрама жеңіске жетеді деп ойлаймын.
– Алдағы ойынға Қазақстан құрамасы сапында бірнеше үздік футболшылары қатыса алмайды. Бұл туралы не айтасыз?
– Ұлттық құрамадағы әрбір ойыншы маңызды. Дегенменде, сіздерде ол футболшылардың орнын ауыстыра алатын тәжірибелі ойыншыларыңыз бар.
Еске сала кетейік, ұлттық құрама футболшылары 5 қазанда футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты асында сырт алаңда Румыния құрамасына қарсы ойын өткізеді.
Әли БИТӨРЕ,
«Егемен Қазақстан» –
Бухаресттен
Сурет авторы - Ілияс Омаров