Өздеріңізге мәлім, Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесуінде «Әлемде ешбір ел жаңа әліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды», деді. Мұны елдегі билік пен халық арасындағы түсіністіктің жарқын көрінісі деп санаймын.
Ал енді өз басым бұл әліпбидің соңғы нұсқа емес, ол әлі де жетіле түседі деп ойлаймын. Өткендегі диграфтармен берген әліпбиге қарағанда жақсы, ілгерлеушілік бар. Дегенмен, әлеуметтік желілерде қоғам белсенділері мен қарапайым халық бұл жолғы нұсқада дәйекшелердің көп болып кеткенін айтып, наразылық танытуда.
Негізінен, алда тағы да кеңінен талқылау болады деп сенемін. Ал мені қуантатыны – халықтың жаппай латын әліпбиіне көшуге деген құлшынысының жоғары болуы.