Қазақстан • 13 Қазан, 2017

Былтырғы қар мен биылғы қар

915 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Былтырғы қардан биылғы қардың қандай айырмасы бар?»Осы бір қызық сауалды алғаш қашан, кімнен естідім? Әлде кітаптан оқыдым ба? Есімде жоқ...

Былтырғы қар мен биылғы қар

Әйтсе де, ауық-ауық ойыма оралып, ақша қардың бетіне қадала қарап қала­тыным рас-ты. Мені қызық­тыратыны – биылғы қардың химиялық құрамы, иә болмаса, бізге беймәлім әлдеқандай бір заттегілік қасиеті емес. Сондай-ақ оның түр-түсі­нің ерекшелігі мен түйір­шік­­те­рінің ұсақ-ірілігі де қы­зық­тырмайды. Бәлкім, содан да болар, қолыма алып, үңіліп қараған  да емеспін.

Әйткенмен, осы сауалдың астарында бір философиялық ой жатқан сияқты мүлгіп. Бірақ... Ол қандай ой? Ме­ніңше, биылғы қардың был­тырғы қардан ең басты айыр­масы – былтырғы қарды көрген біра-а-аз кісілердің биылғы қарды көре алмағаны..

 

Нұрғали ОРАЗ,
«Егемен Қазақстан»