Қазақстан • 14 Қазан, 2017

Будапештте өткен Әлем кубогында астаналық аула клубының тәрбиеленушілері чемпион атанды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5-8 қазан аралығында киокушинкай каратэ бойынша "World Dream Cup"  («kumite» және «ката» секциялары) ашық Әлем кубогы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Будапештте өткен Әлем кубогында астаналық аула клубының тәрбиеленушілері чемпион атанды

Чемпионат Будапешт қаласында (Венгрия) балалар, жасөспірімдер, ересектер мен ардагерлер арасында өткізілді. Кубокқа Қазақстан атынан 12 спортшы, сонымен қатар Германия, Ресей, Венгрия, Украина, Белоруссия, Бельгия, Швеция, Испания өкілдері қатысты. 

Жасөспірімдер арасында Астана қаласының «Cross Fit Kids» аула клубының тәрбиеленушілері үздік нәтижелер көрсетті: Иманвердиев Мансұр мен Ибраев Шыңғысхан 1 орынды жеңіп алса, ал Ибраев Арлан 2 орын иесі атанды.

«CrossFit Kids» аула клубы биылғы жылдан бастап тегін түрде каратэ-киокошункай, кроссфит, греплинг секциялары бойынша Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жұмыс істеп келед. Бірақ осы қысқа мерзімде көптеген жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Аула клубы Кеңесары көшесі, 42 адресі бойынша орналасқан және әрбір келушілерге есігі ашық.