Қазақстан • 16 Қазан, 2017

Латын графикасына көшу – өркениетті шешім

84 реткөрсетілді

Санадағы сансыз сауалдың түйіні шешілді. Ұлы көшке бас­тар керуенбасы – жаңа ұлттық әліпбидің соңғы нұсқасы көңілімізден шықты.   

Марқұм Герольд Бельгер «Ойшыл жан бір ұлттың пер­зенті емес, адамзат пер­зент­і» деген екен. Ұлттық сана­ның трансформациялануына, өз­геруіне алып келетін жаңа ұлт­тық әліпби – кемел келешек кепілі.

Ұлттық кодтың тірегі болып та­былатын тіл тақырыбы қа­шан да күн тәртібінен түскен емес. Елбасы көтерген рухани жаңғыру һәм генетикалық жад мәселесінің түпқазығы да осы тіл тақырыбынан бастау алады. Осыдан он бір жыл бұрын биік мінберден ай­тыл­ған латын қарпіне көшу сол кезде арман болса, бұл күнде шындыққа айналды. Уақыт­тан өткен сыншы, сарап­шы, данышпан жоқ екені тағы бір дәлелденді. Уақыт-пат­ша өз әмірін орындатты. Ұлы бабамыз әл-Фарабидің «Дү­ниені өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер» деген даналық сөзі­нің маңызы зор. Рухани жаң­ғыру­дың бастауы – ұлттық сана, тірегі – ұлттық тіл, арқауы  бі­лім болса, баспалдағы – жаңа ұлт­тық әліпби. Латын графика­сына көшу – өркениетті шешім. 
Күні кеше Елбасы назарына қоғамдық талқылаулардан өтіп, қайнауы піскен, барлық ұсыныстар ескеріле отырып әзір­ленген ұлттық әліпби ұсыныл­ды. Латын қарпіне негіз­дел­ген қазақ тілінің бір­ыңғай стандарт жобасы – Пре­зиденттің бағдарлама­лық мақа­ласында көрсетілген негізгі бағдардың басты бағыт­тары­ның бірі. Тарихи мәні, саяси маңызы бар бұл мәйекті мәсе­лені Нұрсұлтан Әбішұлы на­зар­дан тыс қалдырған емес. Мем­лекеттік тілді латын гра­фи­касына көшіру жөніндегі жо­баны іске асыру үшін құрыл­ған жұмыс тобының мүше­лерімен кездескен Елбасы ха­лық­тың қызу қолдауына риза­шы­лығын білдірді: «Әлем­де ешбір ел өзінің жаңа әліп­биін бүкіл халық болып осылай­ша талқылаған емес. Біз үшін әрбір адамның пікірін білу маңызды». Сондай-ақ еліміз­дің болашағы жастардың бұл істен сырт қалмай белсенді түрде қолдап, патриоттықпен атсалысқандарына ризашылық сезімін білдірді. 

Әлемдік тәжірибелер ес­кері­ле отырып жасалған жаңа әліпби негізінде қазіргі қол­да­ныстағы әліпбиді латын қар­піне көшіруге қатысты ақ­параттық-түсіндіру жұмыс­тарын жүргізу – ең өзекті мәселе. Тілімізді дамытып, оны әлем­дік ақпараттық кеңіс­тікке шы­ғарудың негізгі көзі бо­лып табы­латын тарихи оқи­ға­дан ұстаз­дар ұстаханасы атан­ған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педаго­гикалық институты да шет қалған емес. 32 таңбадан тұратын ұлт­­­тық әліпбиде қазақтың төл дыбыс­тарының таңба­лануы бізді қуант­ты. Тіл ма­ман­дарының осы нұс­қа­сын қол­данысқа енгізуге әбден лай­ықты деп есептейміз. Латын гра­фи­касына өту – тарихи қажеттілік. 

Оңалбай АЯШЕВ,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры,

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көп балалы ана кәсібін ашты

Аймақтар • Бүгін, 18:08

Кентавр ақынның көркем әлемі

Руханият • Бүгін, 10:26

Елбасы кітапханасы - Байқоңырда

Президент • Бүгін, 10:04

Акварель әлемі

Руханият • Бүгін, 09:41

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Бүгін, 09:36

Балама қуат көзі – ауылда

Аймақтар • Бүгін, 09:32

Ерлік ешқашан ескірмейді

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Алғаш рет соя дақылын екті

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Ене мен келін

Қоғам • Бүгін, 08:47

АХҚО биржасына қызығушылар көп

Экономика • Бүгін, 08:40

«Уақыттың уақыты жоқ»

Қоғам • Бүгін, 08:37

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Бүгін, 08:30

Қоқыс жинау қашан реттеледі?

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар