Қазақстан • 16 Қазан, 2017

Қазақтың тарихи нартәуекелі

296 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Тәуелсіздік алғаннан бері қаншама оң өзгерістер болып жатыр. 

Қазақтың тарихи нартәуекелі

Осының бәрі еліміздің дербестігін сақтау үшін жасалып жатқан тың қадамдар. Бұл мемлекеттің тарихи жаңғыруы және рухани-мәдени дамуы болып саналады. Олай болса Елбасымыздың бастамасын қолдап, барлығымыз бұған өз үлесімізді мейлінше қосуымыз керек. Латын әліп­биіне кезең-кезеңмен өтуге басым­дық берілуі керек деп ойлай­мын. Бұл халқымыздың жаңа әліп­би­ді жеткілікті меңгеруіне жол аша­ды. Әлемде қазір ағылшын тілі ха­лық­аралық тіл болып саналады. Латын тілі осы тілдің негізі. Біздің тари­хы­мызда латын да, төте де, кириллица да болды. Олай болса қай графика болмасын меңгеріп кетуге ешбір кедергі жоқ деп ойлаймын. Бұл күндері еліміздің ішкі және сыртқы саясаты қалыпты деңгейде, жастарға қолдау көрсетіліп жатыр. Қазақстанның әлеуетті елге айналуының негізгі себебі Елбасының кемеңгерлігі мен көшбасшылық қасиетінде жатыр. Шынымен де КСРО құлаған кезде 3 млн 600 мың адам Қазақстаннан үдере көшті. Бұлар енді не істей алады дейсің деп сенімсіздік танытқандар болды. Бірақ Елбасы бастаған көш үнемі алға ұмтылды. 1995 жылы тамыздың 10-ы күні Елбасы ұсынысымен ЮНЕСКО көлемінде Ұлы Абайдың туған күнін тойладық. Ширек ғасырда жеткен белестер көп. Қандастарымыз елге оралып, мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны көбейді. Мемлекет басшысының бүгінде студенттердің 60 пайызы, мектеп оқушыларының басым бөлігі қазақ тілінде оқып жатыр дегені көңілге қуаныш ұялатты.

Ядролық қарудың сынағынан Семей жерінің экологиясы жұтап, халқы денсаулық жағынан зардап шекті. Бүгінде әлемде соғыс туралы өте көп айтылады және күн сайын терроризмнің қаупі де төніп тұрғаны жасырын емес. Елбасының бастамасымен бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін бүкіл әлем болып күресудеміз. Экономикалық, сауда, мәдени қатынастар орнаған кезде, соғысу, бөлшектену деген мәсе­­лелер орын алмайтыны рас. Жаһан­­дағы антиядролық қозға­лыстар Пре­зи­­денттің көшбас­шылы­ғымен және Семей тарихымен тікелей бай­ла­нысты. Мемлекет басшысы­ның көп­те­ген маңызды бас­тама­лары сәтті жүзеге асып келе­ді. «Адам­зат­тың бәрін сүй, бауы­рым деп» ұлы Абай айт­қан дана­лық биік деңгейден Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көріне білген жан. Елба­сының әр Жолдауын, әр тап­­сыр­масын жоғары бағалаймын. Өзі­нің бағ­дарламалық мақаласында Елбасы «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымы­ның өзі мейлінше көнерген, жаһан­дық əлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен əдеттерден арылу дегенді білдіреді. Мысалы, жершіл­дікті алайық. Əрине туған жердің тарихын білген жəне оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ одан да маңыздырақ мəселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлт­тың перзенті екенің­ді ұмытуға əсте бол­майды», деп жазыпты. Ел қор­ғаған батыр­ларымыз да, хандары­мыз бен Бауыр­жан Момыш­ұлы, Қа­сым Қай­сенов, Талғат Бигел­динов­тей тұл­ға­ларымыз да бір Отан, бір ел, туған жер деп тізе қосып, бірге соғыс­ты. Бейбіт өмір үшін жан­талас­ты. Олардың ынтымағы, бірлігі қазіргі жас­тарымызға айрықша үлгі болуы керек.

Нәдірбек Әпсалямов, 
Қазақстан инновациялық университетінің президенті,

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Семей