Парламент • 16 Қазан, 2017

Нығматулин Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясына қатысты

472 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­ма­тулин бастаған қазақстан­дық парламентшілер делегация­сы Санкт-Петербургтегі Парла­мент­аралық Одақтың 137-ші Ассам­б­леясына қатысты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Нығматулин Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясына қатысты

Биылғы жылы бүкіл әлемнен келген парламентшілердің басқосуы   Пар­ла­ментаралық Одақ тарихындағы аса ірі шаралардың біріне айналды.
Бейбіт сұхбатты ілгерілетуге бағыт­талған күш-жігерді біріктіру үшін фо­румға 100-ге жуық шетелдік парламент төрағалары мен әлемнің 160 елінен делегациялар жиналды.

Басты талқыланған мәселелер қа­тарында адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғау, лаңкестікке қар­сы кү­рес, тұрақты жаһандық даму, әйел­дер мен жастардың саясат пен эконо­мика­дағы рөлі туралы болды.   

Парламентаралық Одақтың 137-ші Ассамблеясын Ресей Президенті Вла­ди­мир Путин ашты. 

Ресей мемлекетінің басшысы елдер арасындағы сенімді нығайтуға, халық­аралық және аймақтық күрделі проб­лемаларға ымыралы шешімдерді табу­ға көмектесетін қазіргі заманғы жағ­дай­ларда парламентаралық дипломатияның маңыздылығын атап өтті.

Соның ішінде терроризммен күресте күш біріктіруге, Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға ерекше назар аударылды. Таяуда Қазақстанда Астана қа­ла­сын­дағы келіссөзде Ресей, Иран, Түр­кия сынды кепіл-мемлекеттердің қаты­суы­мен және басқа да көптеген мем­ле­кеттердің қолдауымен қол жеткізген Сириядағы де-эскалациялық төрт аймақ туралы келісімдер жасалған болатын.  Бұл келісімдер БҰҰ-ның қарарын орын­дау­ға және алға жылжытуға жағдай жа­сай­тыны туралы Владимир Путин айтып өтті. 

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­ма­ту­лин жалпы пікірталаста сөйлеген сөзінде ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін шешу бағытындағы Қа­зақ­стан тәжірибесіне және Елбасының маңызды бастамаларына тоқталды.

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында Бірік­кен Ұлттар Ұйымы ұранымен тер­роризмге қарсы ғаламдық коалиция­ны құруға бағытталған  халық­ара­лық тер­­роризмге қарсы іс-қимыл жөнін­дегі бір­қатар бастамалар ұсынды. Біз Пар­ламентаралық Одаққа мүше-мемле­кеттер парламентіндегі әріптестерімізді Қазақстан Президентінің Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында «Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу жөніндегі мі­нез-құлық кодексін» әзірлеу және қа­был­­дау туралы бастамасын қолдауға ша­­қы­рамыз. 

Бұл ХХІ ғасырдың ең қауіпті қа­тер­лерінің бірі – терроризмге қарсы күресте әлемдік парламентаралық қауым­­дас­тықтың салмақты үлесі болады деп сенемін, – деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы Қазақ­стан­да қалыптасқан және табысты дамып келе жатқан конфессияаралық және этносаралық үнқатысудың бірегей моделі туралы әңгімеледі.

Қазақстанның этностық топтары­ның мәдениеті мен тілдерін дамытуға, ұлт­аралық келісімнің тиімді институт­тарын қалыптастыруға, сондай-ақ дін­аралық диалогқа бағытталған мақ­сат­ты мемлекеттік саясатты да атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы еліміздегі этнос­ара­лық қатынастарды үйлестірудің біре­гей институтына айналған Қазақстан хал­қы Ассамблеясы туралы айта келе, Ас­сам­блеяның БҰҰ, ЮНЕСКО және ЕҚЫҰ-да алған жоғары бағасын атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы жаһандану жағ­дайында және мәдениетаралық қарым-қатынастарда ұлттық мәдениеттерді сақ­тау саласындағы еліміздің жетістіктері туралы, сондай-ақ Парламентаралық Одақтың басқа да мүше мемлекеттерінің осы саладағы оң тәжірибесін атап өтті.

Парламентаралық Одақ – 1889 жы­лы құрылған ең көне халықаралық пар­ла­менттік ұйым болып табылады. Бүгінгі күні парламентшілер 173 ел мен 11 парламентаралық ұйым­дар­ды бірік­тіреді. Өз даму тарихын­да ПАО пар­­ла­ментаризмнің дамуына, адам құқық­­тарын сақтауға, халық­ара­лық бей­бітші­лікті орнатуға және халық­аралық қауіп­сіздікті сақтауға ықпал етеді.

Санкт-Петербургтегі 137-ші Ас­сам­б­лея барысында Парламентаралық Одақ­тың алты геосаяси топтарының отырыс­тары өтті. 

Парламентаралық Одақтың 137-ші Ас­самблеясының негізгі оқиғаларының бірі «Демократия туралы жалпыға ортақ декларациясының 20 жылдығы: біздің алуан түрлілігіміздің ортақтығы» туралы қарары болды.