Аймақтар • 16 Қазан, 2017

Оралда психо­логиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды

1495 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психо­логиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды. Бұл Қазақ­стандағы аумағы 600 шаршы метрден астам ең үлкен орталық. 

 

Оралда психо­логиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды

«Дара» қайырымдылық қоры «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларын дамыту қорының қолдауымен елімізде жетінші орталық ашып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін баға жетпес орталықтың ашылу салтанатына Сенат депу­таты Дархан Кәлетаев, «Дара» қорының төрағасы Гүлнәр До­саева, «Samruk-KazynaTrust» қорының бас директоры Ерлан Дәрімов қатысты.

Тағдыр тәлкегіне түскен бүл­­діршіндер мен олардың ата-аналарына қолғабыс беретін мұндай орталық Орал қаласында тұңғыш ашылып отыр. Заманауи ғылым мен медицина жетістігін пайдаланып, балаларға кәсіби көмек көрсететін мекемені ашу­ға жәрдем еткен барлық меке­ме-ұйым жетекшілеріне өңір басшысы Алтай Көлгінов алғыс айтты. 

– Биыл «Samruk-Kazyna­Trust» қорының көме­гі­мен біз­дің өңір­ге балалардың спорт және ойын алаңдарын салуға 500 млн теңге бөлінді. Ал ерек­ше мұқ­таждықтары бар бүлдір­шіндер үшін ашылып отырған бүгінгі алаңның маңызы тіпті ерек­ше. Біздің стратегиялық мақ­саты­мыз – мұндай орталық­тар­дың барлығы ерекше білімді қажет ететін балалар мен олар­дың отбасына қолжетімді болуы, деп атап өтті Алтай Көл­гінов. 

Орал қаласында ерекше қажет­тіліктері бар екі мыңнан ас­там бала тұрады. Оның ішін­де 874 баланың мүмкіндігі шек­теулі, 400-ге жуық бала ма­ман­дардың кәсіби көмегін қажет етеді. Жаңа орталық кез келген ерекше баланы және оның отбасын дефектолог, пси­хо­лог, логопед, массаж, тиф­ло­педагог, сурдопедагог секілді мамандардың жан-жақты білікті көмегімен қамтамасыз ететін мекеме болмақ. Жыл сайын бұл орталық даму мүм­кіндігі шектеулі 150-200-дей балаға қызмет көрсетпек. Қыз­меттің барлығы балаларға және олардың отбасыларына тұрғылықты жері бойынша тегін көрсетіледі. Оралда ашыл­ған жобаның жалпы құны 15 млн теңгеге жуық. Мұнда за­манауи құрал-жабдықпен қатар ерекше қажеттіліктері бар ба­лаларға арнайы білім беру, да­мыту, тәрбиелеу бағытындағы әдістемелік жинақтармен қам­тылған арнайы кітапхана да қызмет етпек.

Оралдағы коррекциялық кабинет жетекшісі Гүлсім Ға­лиева қазірдің өзінде мұнда есту, көру, сөйлеу, даму қабі­лет­тері шектелген 62 бала қа­былданып, 16 кәсіби маманның көмегімен түзету жұмыстары басталып кеткенін айтады.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

ОРАЛ 

Суретті түсірген
Темірболат Тоқмәмбетов