Ел болып қалыптасып, соны кемел келешектің керуеніне қосудағы әртүрлі фак-торлардың бірі – қазақ әліпбиін өзгерту еді. Сол күнге де жеттік. Халықаралық қатынастағы үлес салмағы сексен пайыздан асатын латын әліпбиін қабылдау – тарихи шешім деп ұққанымыз дұрыс.
Қазақстан ендігі уақытта халықаралық қоғамдастықтың ортасында өз бет-беделі, өз жолы бар ел ретінде одан тыс қала алмайды. Сол себепті де қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің та-рихи маңызы зор. Мұндай батыл шешімге бару үшін де уақыттың ұрымталдығы, саясаттың сарабдалдығы, елдік мүдденің бәрінен жоғары болмақтығы керек. Президентіміз соны жақсы ұқты, пайымдады. Оны елі қолдады.
Қазақ тілінің жаңа латын әліпбиіне көшуіне байланысты тарихи сәт баршамызды қуантуға тиіс. Қатып қалған ештеңе жоқ. Артық-кемі болса, жүре түзелер. Оған уақыт та бар, мүмкіндік те бар.
Жаңа әліпби – жаңа дәуірдің басы болғай!
Ерболат БАЯТ,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының аға ғылыми қызметкері
АЛМАТЫ