Аймақтар • 07 Қараша, 2017

Түлкібастық бағбандар биыл 24 мың тонна алма жинады

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде алманың апорт сортын өсіріп, өңдеумен айналысқан Түлкібас ауданының бағбандары бұл істі қайта қолға алып отыр. Енді олар Түлкібастың брэнді болатын алма бау шаруашылығын дамыту мақсатындағы жұмыстарды ширатуда.

Мәселен, ауданда соңғы 3 жылда  шаруалардың  алма егуге деген қызығушылықтары артқан, яғни, олар бос жатқан 814 га жерге  алма бау егіп,  мемлекеттен  берілетін субсидияға  қол жеткізген. Ал, биыл олар 355 га жерге алма бау отырғызыды. Оның ішінде 122 гектары қарқынды бау.

Түлкібастық шаруалар күзгі терім жұмыстарын уақтылы жүргізіп,   бау-бақшалардан 24 мың тоннадан астам алма жинады. Жиналған алмалардың басым көпшілігі арнайы қоймаларда сақталса, қалғаны еліміздің өзге аймақтарында сатылымға шығарылуда. Әсіресе аудандағы ең ірі «Көктал» және «Кен-тау» шаруашылықтары  5970 тонна алма жинаған.

Жалпы Түлкібас ауданы таулы аймақта орналасқан. Ауа райы қоңыр салқын, алма-бау жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы аймақ болып есептеледі. Бүгінгі таңда аудандағы барлық жеміс ағаштарының көлемі 3115 гектарды құрап отыр. 2020 жылға дейін аудан көлемінде алма бау көлемі 3600 гектарға жеткізіп, оның ішінде ауданда қарқынды бауларды өсіру дамытылып, өнім көлемін ұлғайту жоспарлануда.