Үкімет • 07 Қараша, 2017

Заңнамалық түзетулер МЖӘ жобаларын жүзеге асыруды жеңілдетеді

281 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Заңнамалық түзетулер МЖӘ жобаларын жүзеге асыруды жеңілдетеді

Биыл тамыз айында ҚР Парламентіне МЖӘ тетіктерін одан әрі жетілдіру мен жеңілдету бойынша заң жобасы ұсынылды. Мәжіліс аталған заң жобасын мақұлдады және қазіргі таңда ол Парламент Сенатының қарауына жіберілген.  

Заң жобасы бірқатар әзірлеу кезеңдерін алып тастау арқылы рәсімдерді оңтайландырып, жобаларды бекітуге бағытталған. Бұл МЖӘ жобаларының бекіту және сараптамалар мерзімдерін қазіргі жеті айдан үш айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, заң жобасында тұтыну кепілдігін үш және одан көбірек жылға беру қарастырылған. Ол инвесторлардың көп жылдық капитал жұмсалымын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жалпы, бұрын әзірленген 10 үлгілік жобаға жаңа келісімшарттар түрлері бойынша төрт қосымша жоба әзірленді: автомобиль жолдарына сервистік қызмет көрсету, медициналық жабдықтар лизингі, емхананы сенімгерлікпен басқару, мектептерге сервистік қызмет көрсету. Енді өңірлер көрсетілген құжаттаманы үлгі ретінде пайдалана алады. Бұл конкурстық құжаттама мен шарттарды әзірлеу мерзімін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, бағдарламалық МЖӘ енгізу жұмыстары басталды. Қазір салалық мемлекеттік органдар мемлекеттік бағдарламалар арқылы өздерінің стандартталған МЖӘ жобаларын ерекше жоспарлау рәсімдерін салалық ерекшеліктерді ескеріп орната алады. Аталған тетік жалпыға белгіленген тәртіпте қарастырылған, сараптамадан өту қажетінсіз, жоспарлауды қысқа мерзімде белгілеуге мүмкіндік береді.

Биыл мамыр айында инвесторларға арналған МЖӘ жобаларының бірыңғай  базасы іске қосылды, ол республика бойынша сәтті іске асырылған жобалардың тәжірибесін тираждауға мүмкіндік береді. Осы жылы қол қойылған келісімшарттар бойынша елеулі ілгерілеу байқалуда. Сонымен қатар МЖӘ нарығын одан әрі жандандыру үшін «Бағдарламалық МЖӘ» іске асыру үшін пилоттық салаларды әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр: сенімгерлік басқаруға беруге жататын нысандардың және жаңа нысандар бойынша 2016–2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында дайын жобалық-сметалық құжаттаманың болуын ескеру арқылы денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ, 2016–2019 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында орта білім беруде «жан басына шаққандағы қаржыландыру» жүйесін енгізу бойынша пысықталып жатқан мәселені ескеру арқылы білім беру саласында іске асырылады.  

Отырыс барысында атқарылған жұмыстардың аралық қорытындысы туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Премьер-Министр орынбасары Ерболат Досаев баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ұлттық экономика министрлігіне жобаларды іріктеу критерийін пысықтап, барлық ұйымдастыру шараларын реттеп отыруды тапсырды. Жыл соңына қарай барлық бағыттар, облыстар мен министрліктер бойынша көрсетілген индикаторларға қол жеткізу қажет.