Қазақстан • 07 Қараша, 2017

Қоғамдық кеңес 2016-2017 жылдары 18 мониторинг жүргізді

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз маслихат өтті. Іс-шараға ҚР ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов қатысты.

Қоғамдық кеңес 2016-2017 жылдары 18 мониторинг жүргізді

«Кеңестің жанында екі комиссия құрылды, бірі – заң шығару қызметі мәселелері бойынша, бұл комиссия ІІМ әзірлейтін азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды, екінші комиссия азаматтардың арыздарын және полиция жұмысының ашықтығын қарастырады. Қоғамдық кеңес Заңда көзделген қоғамдық бақылаудың 4 нысанын белсенді іске асырады. Олар, қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама, мемлекеттік органның есебін тыңдау. Қоғамдық мониторинг аумақтық органдардың қызметін жан-жақты зерделеу үшін өңірлерге шығу және құқықтық насихат жүргізу арқылы жүзеге асырылады.  2016-2017 жылдары 18 мониторинг жүргізілді, яғни Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарының, Алматы қаласының ІІД мен Жергілікті полиция қызметі  жұмыстары сараланды. Мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңес мүшелері бөліністердің жұмысымен танысты, жеке құрамның назарына Кеңестің ағымдық жұмысы, криминалдық цикл саласында алда тұрған өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жеткізілді. Мониторинг нәтижелері Кеңестің отырыстарында пайдаланылды, қызметтік жазбамен министрге және облыс әкімдеріне баяндалды», деп атап өтті Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов.

Айта кететін тағы бір жайт, «Қоғамдық кеңес туралы» Заңға сәйкес 2016 жылы ІІМ-де ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына 18 мүше кірді.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар