«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру 2017 жылдан басталды. Барлығы 817 колледж жұмыс істейді, олардың 473 колледжі мемлекеттік, 344-і — жекеменшік. Сондай-ақ, Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жергілікті бюджет есебінен 2900 орындық төрт колледждің құрылысы, 520 орындық үш жатақхананы салу және жөндеу қарастырылған.
ТжКБ оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша барлығы 100 815 адам қабылданды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда ТжКБ-мен кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі - 24,8 мың орынға ұлғайды.
Бағдарлама шеңберінде оқыту қысқа мерзімді курстар бойынша жүзеге асырылады. 2017 жылға 71 мың адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда қысқа мерзімді оқытуға 61 мың адам жіберілді.
Ағымдағы жылы білім беру мазмұнына өзгерістер енгізілді. Ол үшін түлектерге үш жұмысшы біліктілігіне дейін және «орта буын маманы» біліктілігін алуға мүмкіндік беретін 130 үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасы қайта қаралды.
Оқу жоспарларында қайталанатын пәндерді алып тастау, оқыту мерзімдерін қысқарту, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім бағдарламалары 50%-ға дейін өзгерту есебінен оқу процесі оңтайландырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 32 үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасының жаңартылуы аяқталады.
Қазіргі таңда 125 ТжКБ оқу орнының оқу процесіне әлемдік озық тәжірибе негізінде әзірленген 45 модульдік білім беру бағдарламасы енгізілді. Ағымдағы жылы жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен кәсіптерінің жіктеуіші қайта қаралды.
Бұдан өзге, ТжКБ педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша модульдік бағдарламалар әзірленді. 2017 жылы осы бағдарламалар бойынша 5 200 адам, оның ішінде 300 колледж басшысы біліктілігін арттырды.
Жалпы, 2021 жылға дейін ТжКБ тегін біліктілігін 720 мыңнан астам азамат алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дуйсенованың мәліметіне сәйкес Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және қысқамерзімді кәсіптік білім беру қарастырылған. Бағдарламаға қатысушылар стипендиямен, бір реттік ыстық тағаммен, жолақымен қамтамасыз етіледі.
Өңірлерде 402 колледжде қысқамерзімді оқытумен 60 мыңнан астам адам қамтылған. Бүгінгі таңда оқытуға 21 мыңнан астам адам ие болды. Бұдан өзге, тамыздан бастап жұмыс берушілердің оқу орталықтары базасында үш мыңнан астам адам оқып жатыр.
Мобильді оқу орталықтары бірқатар облыстарда сатып алынған. Онда бес пилоттық өңірде бір жарым мың адам қамтылған. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 15 мыңнан астам адам оқытумен қамтылған. Ағымдағы жылы 26 мың жоспар кезінде қысқамерзімді курстарда 61 мың адам оқыды.
«Жалпы 2021 жылға дейін бағдарлама бойынша 500 мың адамды оқыту көзделген», — деп атап өтті Т. Дүйсенова.
Аталған мәселе бойынша сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаевтің, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтің, Қостанай облысы әкімі А. Мұхамбетовтың есептері тыңдалды.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев тегін ТжКБ жобасын іске асыру кезіндегі басты мәселе — жұмыспен қамту екенін айтты. Екіншісі — бөлінетін кредиттер сомасын арттыру. Жобаны іске асыруды бақылау Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа жүктелді.