Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, ҚХА Медиация кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым, Қазақстандағы Еуропа кеңесінің ұлттық үйлестірушісі Лейла Жданова және халықаралық сарапшылар, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, медиация орталықтарының басшылары қатысты.
Қорытынды басқосуда семинарға қатысушылар тренингтің тиімділігін айтып, мұндай шаралардың «Рухани жаңғыру» аясында атқарылып жатқан игі іс екенін жеткізді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар өздерінің ұсыныстары мен тілектерін білдірді.
ҚХА Төрағасының орынбасары Д.Мыңбай мұндай семинар-тренингтердің пайдасы мол екенін атап өтті. Оның айтуынша, еліміздегі сот билігі мен құқық қорғау органдары түйткілді мәселелерді терең түсініп, бірлесе әрекет етуге ынталы.
Семинарды Еуропа Кеңесінің сарапшысы, Карлос атындағы Мадрид университетінің профессоры Хелена Солето және Испания сот жүйесі Бас кеңесінің мүшесі Анна Карраскоза жүргізді. Сарапшылар тренинг барысында өздері әзірлеген оқыту жүйесі бойынша дәріс оқыды. Өз кезегінде, еуропалық мамандар әзірлеген жаңа білім курсы Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі Академиясына және Құқық қорғау органдарының академиясына ұсынылмақ.
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»