Кездесуде Төраға орынбасары Қазақстан Сауд Арабиясын Таяу Шығыс өңіріндегі маңызды саяси әрі экономикалық әріптесі ретінде санайтынын және барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар екіжақты негізде және парламентаралық ұйымдар аясындағы парламентшілердің байланыстарын одан әрі дамыту жайын талқылады.
«Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың өткен жылы қазан айында Сауд Арабиясына жасаған ресми сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге тың серпін берді. Сонымен қатар Елбасының биылғы 21 мамырда Эр-Риядта өткен Біріккен Араб Әмірліктері мен ислам елдерінің саммитіне қатысуы Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы күресте өзара ынтымақтастықты нығайтуға деген ниетінің дәлелі», - деді Б.Бекназаров.
Кездесу барысында Сауд Арабиясы Королінің өркениетаралық түсіністікке бағытталған бастамалары Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өтіп келе жатқан, дінаралық төзімділік пен түсіністік арқылы халықаралық қақтығыстардың алдын алу және шешуге арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің мақсаттарымен үндес екені айтылды. Төраға орынбасары сауд тарапын келесі жылы өтетін VI съездің жұмысына қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік кеңесі делегациясының басшысы Ахмад әл-Хамди еліміздің қарқынды дамуы туралы айта келіп, түрлі салаларда өзара тиімді әріптестікті нығайтуға әзір екенін де атап өтті.