Қазақстан • 08 Қараша, 2017

Рухани жаңғырудың филологиялық жолдары талқыланды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Рухани жаңғырудың филологиялық жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Рухани жаңғырудың филологиялық жолдары талқыланды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараға белгілі отандық және шетелдік ғалымдар, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да елдердің елшіліктерінің өкілдері қатысып сөз сөйледі.  

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында халық көкейіндегі: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деген сөз нақты айтылған. Ал ұлттық кодттың сақтайтын, жаңғыртатын дүниелердің бірі – сол ұлттың тілі. Демек қоғамдық сананы жаңартып, тілімізге реформа жасау – заманауи ақпараттық қоғамда білім культін көтеру үшін керек,– дейді филология ғылымдарының докторы Ардақ Бейсенбай.

Конференция жұмысы ақпараттық-семиотикалық кеңістіктегі Қазақстанның орны, сынды бірнеше тақырып бойынша өрбіді.