08 Қараша, 2011

Ілеспе газ – ел игілігі

915 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
Ақтөбе жерінде ірі индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асу үстінде Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жыл – толағай табыс­тарға толы. Ен байлықтың үстінде отырып, шөміштен қы­сылған кеңестік кезеңнің қыс­па­ғынан шыққаннан кейін-ақ, егемен елімізде табиғи байлық­тар­ды игерудің соны жолдары іздестіріліп, шетелдерден инвестиция тартыла бастады. Міне, осын­шама уақыттан бері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы мұнайлы өңірде жемісті жұмыс істеп келеді. Соның айқын көрінісі – Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешені десек, артық айтқандық бола қоймас. Түлеген тәуелсіз елімізбен бірге бұл кәсіпорын да ілгері қарай іркіліссіз қадам жасауда. Сонау 1984 жылы пайдалануға берілген шағын газ өңдеу цехынан бастау алған кешеннің келешегі кемел, болашағы зор. Қатпарында қара алтынның мол қоры бар Жаңажол, Кеңқияқ өңірінің жер асты байлығын игілікке айналдыруда көп жұмыс­тар істелуде. Қазір мұндағы барлық жұмыстар осы заманғы озық технологиялар мен заманауи техника, қондырғыларға негізделген. Осы жыл­дарда кешен құра­мындағы №1 газ өңдеу зауыты қайта жарақ­тан­ды­рыл­ды, №2 газ өңдеу зауыты іске қосылып, толық қуатында жұ­мыс істеуде. Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде ірі индустриялық-ин­новациялық жоба жүзеге асы­рылуда. Ол – №3 газ өңдеу зауытын толық қуатында іске қосу болып табылады. * * * АЛАУДЫ БҰРҚЫРАТЫП, ӨНІМ ӨНДІРУДІ АРТТЫРАТЫН ЖОБА Еліміздің «30 көшбасшы жо­басына» енгізілген №3 зауыт­тың бірінші кезегі де қысқа мерзімде іске қосылды. Оған акционерлік қоғам 474 миллион дол­лар инвестиция салды. Зауыт­та «Parsons» «Merichem» ком­паниясының осы заманғы жетілдірілген газ тазарту қон­дыр­ғылары, үдерістерді бас­қару­дың жоғарғы сапалы DC­S ав­томатты жүйелері және АҚШ-тың компрессорлық қон­дыр­ғы­лары пайдаланылады. Сон­дықтан да мамандарымыз түр­лі қайта даярлау курстарынан өтіп, шеберліктерін жетілдіріп отырады, жас мамандар Қы­тайда, Ресейде тәжірибеден өтеді. Жалпы №3 газ өңдеу зауы­ты толық қуатына шыққанда кешеннің жылдық қуаты 8 миллиард текше метр тауарлы газ, 1 миллион тонна конденсат, 470 мың тонна сұйытыл­ған газ өндіруге мүмкіндік береді. Жо­баны жүзеге асыру барысында құны 37 миллион АҚШ дол­лары тұратын өнім­ділігі 45 МВт газ турбина стан­­са­сы, зауытқа барлау блогынан ілеспе газ жеткізетін 45 шақы­рым­дық құбыр, сы­ғым­дау ком­прессорлық стан­са­сы, «Жаңа­жол-КС-13» магис­траль­ды газ құбыры пайдалануға берілді. Бұл осы магистральды құбыр бойындағы бірталай елді ме­кеннің көгілдір отынның игілігін көруге жол ашты. Сондай-ақ, тазаланбаған газды жер ас­ты қойнауына айдау газ лифтілік қондырғысы іске қосылды. Бұл стансаның іске қосылуы жер асты қойнауының қысы­мын тұрақтандыруды қамтама­сыз етеді. Мұның өзі өнім өндіру мен өткізуді арттыруға анағұрлым ықпал етті. Ең бастысы, мұ­най­шылардың бас ауруы бо­лып келген осы өңірдегі эколо­гиялық жағдайды жақсарту­дың сәті түсті. Бұрындары алау­ға жа­ғылып келген газ­дың кө­ле­мі анағұрлым қыс­қарды. №3 зауыттың екінші және үшін­ші кезектері то­лық іске қосылғанда алау­­ды ауыз­дықтауға толық мүм­кіндік туады, тек газ алауға тех­но­ло­гиялық қа­жет­­тілікке аз мөлшерде ғана жағылатын бо­лады. Бұл өз кезегінде мұ­найға ілеспе газды толық өңдеуге, ауаға шығатын зиянды заттар­ды азайтуға, эко­логиялық жағ­дайды жақсар­ту­ға, өндірілетін өнімдер сапа­сын арттыруға, өңірдегі кәсіп­орындар мен тұрғындарды арзан көгілдір отынмен қамта­ма­сыз етуге және өнімнің әлем­дік рынокқа шы­ғуына мүм­кін­дік жасайды. 2007 жылғы 8 айда алауға жа­ғылған газ көлемі 600 мил­лионға жуық текше метр болса, үстіміздегі жылғы осы ке­зеңде ол 105 миллион текше метрге дейін кеміді. Яғ­ни, алауға жағылатын газ кө­ле­мі бес есеге жуық азайды деген сөз. Тиісінше ауаға шыға­ры­­ла­тын зиянды заттар да осын­­шама кеміді. Сондай ақ өнімділігі тәу­лігіне 7000 текше метрді құ­райтын мұнайға ілеспе су­ларын қайта жер асты қой­науы­на жіберу үшін тазалап беретін қондырғы іске қосыл­ды. Бұл қондырғыдан шыққан су технологиялық талаптарға сәй­кес тазаланады. Кешен ұжымы еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғы­на таралғылы тартулармен келіп отыр. Барлық көр­сет­кіштер бо­йынша өткен жыл­дың осы ке­зеңімен салыс­тыр­ғанда ана­ғұрлым ілгерілеу бар. Еліміз­дің экономикалық әлеуетін арт­тыратын серпінді жоба­лардың қатарындағы №3 газ өңдеу зауытының толық қуа­тында жұмыс істеуі үшін таяу уақытта екінші және үшінші кезектерін тұрғызу және іске қосу қарасты­ры­лу­да. Бұл жобалар жүзеге ас­қан­дағы тиімділік бұрын­ғы­дан да жоғары болады деп күтілуде. Бұл қара алтынды қоршаған ортаға зиян келтірмей игеруге мүмкіндік беретін бірегей жоба болғалы тұр. Біз осындай еліміз үшін ма­ңызды, өңіріміз үшін тиімді жұмыстарды жүргізіп отыр­ғанымызды мақтаныш тұта­мыз. Алда тәуелсіздікпен кел­­ген игіліктердің көбейе түсе­ті­ніне сенімдіміз. Тоқтар АШЫҚБАЕВ, Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің директоры. * * * ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешеніне қарасты №1 газ өңдеу зауыты 1984 жылы пайдалануға берілді. 2000-2003 жылдары бұл зауыт 5,5 миллион АҚШ долларына қайта жарақ­тандырылды. Зауыт­тың жыл­­дық қуаты 3 миллион тонна мұнай, 800 миллион текше метр көмірсутекті газ және 18,6 мың тонна күкірт өндіруге жетеді. * * *  2003 жылы жылдық қуаты 2 миллион тонна тауарлы мұнай, 1400 миллион тонна көмірсутекті газ, 48,5 мың тонна күкірт және 60,0 мың тонна сұйытылған газ өндіруге мүмкіндік беретін №2 газ өңдеу зауыты іске қосылды. * * *  2007 жылы пайдалануға берілген №3 газ өңдеу зауытының бірінші кезегінің жылдық қуаты 2,0 миллиард текше метр тауарлы газ, 54,0 мың тонна күкірт, 156,0 мың тонна сұйытылған газ және 99,0 мың тонна жеңіл мұнай өндіруге есептелген. Болашақта бұл зауыттың екінші және үшінші кезегі пайдалануға берілмекші. Сонда бұл зауытта 6,0 миллиард тонна тауарлы газ, 182,0 мың тонна күкірт, 474,0 мың тонна сұйытылған газ, 1031,0 мың тонна конденсат, 221,0 мың тонна жеңіл мұнай өндірілетін болады. * * *  Қазір Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде 1559 адам еңбек етсе, соның 237-сі № 3 газ өңдеу зауытының бірінші кезегінде жұмыс істейді. * * * «СНПС-Ақтөбемұнай-газ» АҚ жылдық межеде 6 миллион 180 мың тонна мұнай өндіруге қазірдің өзінде алғышарт жасап отыр. Мұндай табысқа Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің қосатын үлесі де қомақты болмақ. ӨНІМ САПАСЫ АРТТЫ Кешеннің құрамында қазір басқасын былай қойғанда мұнай-газ өңдейтін төрт зауыт бар. Соның екеуі мұнай мен газды өңдесе, №3 зауыт таза газды, ал, №4 зауыт таза мұнай өңдеумен айналысады. Осы зауыттардан айырылып шыға­тын газдың барлығының тоқай­ласатын жері бірегей техноло­гия­лық жабдықтармен жарақ­тан­дырылған № 3 газ өңдеу зауыты дер едім. Ілеспе газды ылғал мен меркаптаннан тазартудың ад­сор­бациялық тазарту қондыр­ғысы іске қосылды. Жаңа техно­ло­гияны енгізу арқылы газ құ­рамындағы күкіртті сутегінің бір текше метр газда 0,005 грамм, мер­­каптанның 0,005 грамм болуы­на қол жеткізілді. Бұл дайын­да­ла­тын газ сапасын арттыруға мүм­кін­дік берді. Тазартылған газ ар­найы қондырғымен кептіріледі. Сөйтіп, оның сапасы жақсара түседі. Қазір біздің цехта 25 адам еңбек етеді. Олардың бәрі де өз кәсібін жетік меңгерген жандар. Зауытта орнатылған заманауи қон­дырғылар да сенімді жұмыс істейді. Сондықтан да жұмыста кідіріс, апаттық жағдайлар бол­ған емес. Біз осындай озық технологиямен жұмыс істейтінімізді мақтаныш тұтамыз. Өмір бір орында тұрмайды. Сондықтан ылғи да кәсіби шеберлігімізді жетілдіріп, жаңа қондырғыларда жұмыс істеуге дайындаламыз. Себебі, нарықтық қатынас бізден бәсекелестікке қабілет­тілік­ті талап етеді. Жаңаны жатыр­қа­май қабылдау кәсіпорын жағ­дайын жақсартып қана қоймай, жалпы акционерлік қоғамның ұстанған бағытының табыс­тылығын дәлелдеп берді. Бауыржан БҮРКІТБАЕВ, газ дайындау цехының бастығы. ЖҰМЫС ҮДЕРІСІ ЖЕҢІЛДЕДІ Еліміздегі серпінді 30 көш­басшы жо­ба­ның бірі ретінде қысқа уақытта жүзеге асырыл­ған №3 газ өңдеу зауыты озық технология және техникалық қондыр­ғылармен жұмыс істейтін бірегей кәсіп­орын. Жо­ба­ның алғашқы кезегінің жү­зеге асырылуы қосымша жүз­деген жұ­мыс орнының ашы­луы­на алғышарт жа­са­ды. Осындай мүмкіндіктің арқа­сында еңбекке орналасқандар­дың бірі мен. Өзім осы мұ­найлы өңірдің түлегімін. Ақтөбе политехникалық колледжін бітіргеннен кейін зауыт­қа оператор болып жұмысқа кірдім. Біздің кәсіпорынның келешегіне сеніміміз мол. На­рықтың желіне төтеп бере ал­майтын қайсыбір кәсіп­орын­дардағыдай ертеңгі күнге деген сенімсіздік бізді маза­ламайды. Индустриялық-иннова­ция­лық бағ­дар­лама аясында жүзеге асырылып жат­қан бірегей жобаның келешегі мығым. Болашақ­та зауыттың тағы да екі кезегі іске қосыл­мақшы. Бұл дегенің қосымша жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз. Сол себепті де кәсіби біліктілігімізді арттыра отырып, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге бағыт ұстаудамыз. Мен Жәң­гір хан атын­дағы Батыс Қазақ­стан аграрлық универси­тетінің мұнай-газ бөлімінде оқып жүр­мін. Бұл білім жұ­мысыма аса қажет болады деп ойлаймын. Жалпы кешеннің жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпорын­дар­ды қайта жа­рақтандыру бағы­тын­дағы жұмыстары қай­тарым беруде. Қазір кешенге қарасты зауыт­тар мен басқа өндіріс буындарында өнім­ділік артып, жұмыс үдерістері жеңіл­дей түсті. Бұған өндіріске жаңа және озық тех­но­­логияны енгізу, сапалы қондырғы­ларды орнату ықпал етуде. Мен Қытай фирмасының газ тазарту қондырғысында оператор болып жұмыс істеймін. Менімен бірге бір ауысымда тағы да бес оператор, екі компрессор насосы­ның машинистрі еңбек етеді. Кешенде өнді­ріс­тің кеңейтілуі, біз өндірген өнім­дерге сұраныстың жоғары болуы тұрақты еңбек­ақыны қамтамасыз етіп отыр. Әлеу­меттік мәселелер де оңтайлы шешілген. Еңбек жағдайы жақсы. Барлық жұмыстар компьютермен басқарылады. Мұнда еңбек етуім отбасымды асырауға, жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл өңір өзім туып-өскен туған жерім ғой. Сол себепті де байлығы алынғанмен, базары тарқамағанын қалаймын.  Мейірбек СМАҒҰЛОВ, №3 газ өңдеу зауытының операторы. ӨРКЕНДІ ІСТЕР, ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Мен Жаңажол мұнай-газ өң­деу кешенінде 26 жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шықтым. Ке­ңес Одағы кезінде мұнайдың билігі ор­талықтың қолында бол­ғаны рас. Ресейдің тәжі­ри­белік-сына­ма­лық цехы болып құрыл­ған бұл құрылым қазір қанатын кеңге жайған іргелі кәсіпорын болып отыр. Біз жұ­мыс істеген кезбен қазіргіні са­лыстыруға келмейді. Кәсіп­орындағы жаңа өндірістік желілер алауға жағы­латын газ­ды анағұрлым азайтуға қол жеткізді. Ілеспе газ ел игілігіне айналуда. Кешендегі ой­лас­тыры­лып атқарылған шаруалар алау­ды ауыздықтайтын кезді жақын­да­ту­ға қызмет етуде. №3 газ өңдеу зауы­тының бірінші кезегі іске қосылуының өзі бір­қатар өзекті мәселелерді оң шешуге қол жеткізді. Қазір арзан көгіл­дір отынды пайда­ланып отырсақ, бұл да осындай бірегей жобаның тиімділігі дер едім. Өндірісті кеңейту, оның өнім­­ділігін арттыру бағытын­дағы жобаларды жүзеге асыру тұ­рақ­ты еңбекақының болуын, эко­ло­гиялық проблемаларды шешуді, жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етіп отыр. Міне, осының өзі игілік емес пе. Менің ұлым Әсет те осында жұ­мыс істейді. Әрине, өз жүрек қа­лауымен осы мамандықты таңда­ға­нына сөз жоқ. Дегенмен, менің өнегем де әсер еткен болуы керек. Жалпы кешен басшылығы ең­бек ардагерлерін ұмыт­пай­ды. Кәсіби мерекемізде құт­тық­тап, қолдау көрсетіп отырады. Бізге өзіміз бастаған істің сенімді қолға ұстатылғаны қуаныш. Еліміздегі 30 көшбасшы серпінді жобаның аясында салынып жат­қан №3 газ өңдеу зауытының толық қуатын­да жұмыс істейтін сәтіне де куә болармыз, аман­шы­лық болса. Сонда бұл жобаның тиімділігіне тағы да көз жеткізетініміз сөзсіз. Қазір жұмыс істеп тұрған бірінші кезегіндегі осы заманғы озық технологиялар ол кезде тіптен жетілдіріле түседі. Жаңа жобаның жү­зе­ге асуы тәуел­сіз­діктің, да­мыған экономи­ка­мыз­дың жемісі, Ел­ба­сы Нұрсұлтан На­зар­баев­тың сарабдал сая­сатының нәти­же­сі дер едім. Байболат ҚОСБАРМАҚОВ, еңбек ардагері. ______________________________________ Материалдарды дайындаған «Егемен Қазақстанның» Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі Сатыбалды СӘУІРБАЙ.