Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Қауымдастық құрылды

863 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының таныстырылымы өтті. «Жасылдандыру» бастамашылары еліміздегі барлық экологиялық ұйымдардың басын біріктіріп, қоршаған ортаның ахуалы жайында қазақстандықтарға ақпарат беріп, экологиялық білімді арттыруды бірлесіп қолға алатындығы айтылды.

Қауымдастық құрылды

Қауымдастық Пре­зи­­­ди­у­мына Әлия Назар­баева же­текшілік етеді. Қауым­дас­тықтың қамқоршылық ке­ңесіне  «жасыл экономика» бойынша Нобель сыйлы­­ғының лауреаты, жасылдану концепциясының авторы  Рае Квон Чунг еніп отыр. Президиумның мүшесі Сал­­танат Рахымбекова Эко­логиялық ұйымдар қауым­дастығының алдына қойған мақсаттарымен таныстырып өтті.

«Біздің мақсатымыз Эко­ло­гия­лық бастамаларды қа­лып­тастыру және оларды іл­герілету алаңын құру, ха­­лық­­аралық серіктестікті да­­мыту, инвес­тициялар тарту,­ халықаралық жоба­лар мен­ бағдарламаларға қатысу, ха­лықаралық сарапшылар­ды ша­қыру, «жасыл» технологияны енгізу, қала­лар­да­ғы экологиялық инфрақұры­лым­­дардың дамуы мен  инно­ва­циялар­дың алға басуына үлес қосу, эколо­гиялық мә­се­ле­лер бойынша Қазақ­стан Республикасының заңнама­ларын жетілдіру», деді ол сө­зінде.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»