Қазақстан • 30 Қараша, 2017

Жасампаз жылдар – жарқын болашақ тұғыры

523 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еліміз тәуелсіздігін алған уа­қыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер мен жаңа­рулар орын алуда. Қазақстанның қо­ғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде ұлы өзгерістер легі жыл сайын арта түсуде. Тәу­ел­­сіздік жыл­да­рындағы жеткен бар­лық жетістіктер еліміздің не­гізін салып, оны дамудың бүгінгі биігіне жет­кіз­ген Елбасы есімімен тығыз байла­нысты.

Еліміз бодандық дәуірін басынан өткерді. Тарихқа шегініс жаса­сақ, екі ғасырға жуық аралықта Қазақ елі өз байлығын ел игілігіне жұм­сауға мүмкіндігі болған жоқ. Қа­зақ жерінде экономикалық да­му отарлық  бағынышты сипатта қалыптасты. Қазақ­стан басқа да мет­рополияға тәуелді аймақтар тә­різді шикізат көзі мен оны алғашқы өңдеу­ден өткізу орталығы ретінде қыз­мет етті. Қазақ жерінің шикізат көзі ретінде бағалануы сол жылдары ұлттық интеллигенция өкіл­деріне үлкен дабыл туғызды. Бұл жө­нінде ХХ ғасырдың басында Смағұл Садуақасов «Қазақстан отар ел, отар болып қала береді», деп ашына жазған болатын.

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандаған азаттыққа қол жеткізіп, іргелі ел болға­нымызға ширек ғасырдан аса уақыт өтті. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен, елі­міз үшін жетістіктерді еңсерген мерейлі кезең болды. 

Сындарлы уақытта Қа­зақ елінің барлық ауырт­палығы мен жауап­кер­шілігін өз мойнына алған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздік жылдарында ел абыройын әлем алдына асқақтатты.

Қазақстанның ұлттық идеясын қалыптастырып, бәсе­кеге қа­бі­леттілік, дамудың озық тұ­жырымдамаларын дү­ниеге әкел­ді. Бұл тарихи оқиғалардың басты ерек­шелігі – қоғам тұрақ­ты­лы­ғы, нарықтық экономика, әлеу­мет­тік әділеттілік және заң үстем­дігі негі­зінде ел егемендігін нығайту болды. 

Қазақ елі тәуелсіздік жыл­дарын­да қуатты мемлекет ретінде қа­лып­тасып, әлемнің алдыңғы қатар­лы еліне айналу жолында талай бе­лестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы уақыт ішінде экономикалық және әлеу­меттік маңызы зор жобаларды қол­ға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шара­лардың өтуіне ұйытқы болды. Үсті­міздегі жылы өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесі де елі­міз үшін даму­дың жаңа қадамы еді. Көр­ме әлем­дік қауымдастықта мемле­кетіміздің мы­ғымдығын, елі­міздің еңселілігін, ойы­мыздың тереңдігін, халқымыздың қо­нақ­жай­лығын, айналып келгенде, ұлттың ұлылығын танытты.

Еліміздің үш мыңыншы жылдықтағы рухани жаң­ғыруының негізі ғылым мен білімде, яғни жаңа модельді руханият әлеміне көшу болып табылады. Осы орайда, рухани жаңғыру ұлттық идеологиямыздың сапалы дамуы­на тың серпіліс берді. Осы ба­ғыт­та атқарылып жатқан іс-шара­лардың барлығы қазақ халқын ұлт ретінде жаңа белеске көтеретін, интеллектуалды, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыруға бағытталған. Ел тарихындағы жасампаз жылдар жарқын болашаққа тұғыр болды.

Қазіргі Қазақстан – ты­ныштық пен тұрақ­тылықтың мекені. Еліміз бірліктің бесігіне, татулықтың тірегіне айналды.  

Біздің жеткен осы жетіс­тік­теріміз және жеңістеріміз Елба­сы­ның атымен тікелей байланысты екені анық. Бүгінгі таңдағы еліміздің мәртебесін өсіріп, мерейімізді асыр­ған халқымыздың бейбіт өмірі мен бақытты болашағы үшін қалт­қы­сыз қызмет еткен Елбасы – Н.Ә.Назарбаев. 
Мені Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мен ауыз­­біршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін», деген сөзі толғандырды. Иә, барлығымыз осы мақсатқа жетуде жұмыла қызмет етейік!  

Зәуре АБДИРАСИЛОВА,
тарих ғылымдарының 
кандидаты, Қазақ ұлттық хореография академиясы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және 
арт-менеджмент кафедрасының доценті