08 Желтоқсан, 2017

Ұлттық комиссия отырысы өтті

524 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ұлттық комиссия отырысы өтті

Отырыс барысында Ұлт­тық комис­сияның алдыңғы оты­рысының қорытын­дысы бойынша құрылған төрт ар­найы жұмыс тобының құрамы мен жұ­мыстарының жос­пары талқыланып, бекі­тілді. Атап айтқанда, орфо­графиялық, әдістемелік, тер­ми­нологиялық және сарап­тамалық-техникалық жұмыс топтары құрылды, олар латын графикасын білім жүйесіне біртіндеп енгізудің ереже­лері мен әдістерін әзірлейді, тілдің термин­дік қорын жүйелейді, сондай-ақ латын гра­фикасын АТ-технологияларға және ақпа­раттық кеңістікке бейім­деу­мен айналысады. Бұдан өзге, Мәдениет және спорт минис­тр­лігі жанындағы ғылы­ми-әдістемелік орта­лықты құру мүмкіндігі қарасты­рылды.

Ұлттық комиссия жұмы­сы­ның бағыттары бойын­ша «Нұр Отан» партиясы Төр­ағасының бірінші орын­басары М.Құл-Мұхам­мед, Қазақстан халқы Ас­самб­леясы Төрағасының орын­басары – Президент Әкім­шілігі Қазақстан халқы Ассам­блеясы хатшылығының мең­герушісі Д.Мыңбай, Пар­ламент Мәжі­лісінің депутаты Б.Мамыраев, Мәдениет жә­не спорт министрі А.Мұ­ха­медиұлы, Білім және ғы­лым министрі Е.Сағадиев, Ақ­парат және коммуникациялар министрі Д.Абаев, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білі­мі институтының ди­ректоры Е.Қа­жы­бек, Тіл білімі институтының тіл мәде­ниеті бөлімінің мең­ге­рушісі Н.Әміржа­нова, А.Бай­тұрсынов атындағы Тіл білімі инсти­тутының бас ғылыми қызметкері Ж.Әлім­хан, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кә­сіп­­о­­дақтар Феде­рациясы төр­ағасының кеңес­­шісі Е.Са­йыров және т.б. сөз сөйледі.

Еске сала кетейік, Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия – биыл қараша айын­да құрылған Үкімет жа­нын­дағы сабағаттық-кеңесші орган.

Премьер-Министр Б.Са­ғын­таевтың төраға­лығымен комиссия құрамына: төраға орынбасары – Премьер-Ми­нистр­дің орынбасары Е.До­саев, сондай-ақ Пре­зи­дент Әкімшілігінің, «Нұр Отан» партия­сының өкіл­дері, Парламент депутаттары, ЖОО өкілдері, танымал ғалымдар және қоғам қайраткерлері кірді.

Шаралар жоспарына сәйкес, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жос­парланған. Бірінші кезең 2018-2020 жылдарды, екінші кезең – 2021-2023 жылдарды, үшіншісі 2024-2025 жылдарды қамтиды.