Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2017

«Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығы үздік сардарларды марапаттады

1219 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дамудың бірден-бір қозғаушы күші – білім. Бәсекелестік заманында дүниенің көшінен қалмау үшін білім беру жүйесін заманауи деңгейде жаңартып отыру өзекті. Сондықтан еліміздегі мектептердің жаңа технологиялық жүйеге біртіндеп өтуі – құптарлық іс. Осы орайда қарапайым мектеп мұғалімі ретінде өзімнің көкейге түйгендерімді ортаға салсам деймін. Дәстүрлі білім беруге үйреніп қалған біз, оқытушылар қауымы ә дегенде мұндай жаңашылдыққа тосырқай қарағанымыз шын. Кейбіреулер мұны «шетелдің дайын технологиясы ғой» деді. Шын мәнінде солай ма? Кейін үңілгенімізде, бұл Назарбаев зияткерлік мектептерінде тәжірибеден өтіп, кем-кетігі түзелген, әбден шыңдалған жүйе екеніне көзіміз жетті. Жаңа технологиялық оқытуға өту – келешекте ең қуатты мемлекеттер қатарынан көрінуіне жол ашатын бірден-бір жол.

«Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығы үздік сардарларды марапаттады

Елбасының «100 нақты қа­дам» Ұлт жоспарында көрсе­тілген басты басымдық­тардың бірі – кәсіби білікті мемлекеттік қызмет аппаратын жасақтау болып табылады. Осы мақсатта Ұлт­тық ұлан «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығы ұйымдас­тырған байқаудың нәтижесінде үздік сардарлар анықталды. Байқау жеңімпаздарын Ұлт­тық ұлан «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығының қолбас­шысы генерал-майор Қайрат Ақтанов салтанатты түрде марапаттады.

Әскери бөлімшелердегі жа­уын­герлік дайындықты же­­тілдіру, офицерлердің бі­лік­тіліктерін арттыру, батальон, рота, взвод бойынша лауа­зым­дық тұлғаларды ірік­теу және тәжірибе алмасу мақ­са­­тында ұйымдастырылған бай­қауға «Оңтүстік» өңірлік қол­басшылыққа қарасты 11 әскери бөлімнен іріктелген 38 офицер қатысты. Олар Қызылорда, Оң­түстік Қазақстан, Жамбыл, Ал­маты облыстары және Алматы қаласындағы әскери бөлім­дерден қатысқан болатын. 

«Ұлттық ұлан әскери қыз­мет­шісінен атқарар мамандығы бойынша білімі мен біліктілігі тиісті талапқа дәлме-дәл, жүз пайыздық деңгейде сай болуы талап етіледі. Әскеріміздің ор­­та буын командирлері – офи­цер­лер, келісімшарт негізін­дегі әс­кери қызметшілер және сар­баздарды оқытып, тәрбие­леумен айналысатын адам. Міне, сондықтан да, үздіктерді іріктеу мақсатында осындай байқау ұйымдастырып отырмыз. Бұл байқау ең әуелі Ұлттық ұлан офицерлерін кәсіби тұр­ғыда шыңдалуға, білім-білік­тіліктерін ұштауға және де өз елінің патриоты болуға үн­дей­ді», деді «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығының қол­­басшысы генерал-майор Қай­рат Ақтанов.

Бұл байқау кезінде әс­кери­лердің теориялық білім­дері­мен қатар тәжірибелік қа­рым-қабілеттері де сыналды. Олар шешуші кезеңде қа­ру­дан атып, жауынгерлік да­йындықтарын сынға салды. Ақтық кезеңнің алғашқы күні офицерлер саптық дайын­дық­­тарын, мемлекеттік тіл, қыз­мет­тік тактика, жалпы­әс­­кери жар­ғылар бойынша білімдерін және де жеке құ­рамды ұйым­дастыру бі­ліктіліктерін танытты. Бай­қау­да осал офи­цер жоқ, әр­қайсы ерекше дайындықпен келгендерін көр­сетті. Айта ке­те­тіні, оңтүстік өңірдің түк­­пір-­түкпірінен келген сардарлар байқаудан тыс уақытта Ал­матыдағы 28 панфиловшы батырларға арналған саябаққа барып, Даңқ мемориалына тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

Жеңімпаздар мен жүл­дегер­лерге Қазақстан Ұлт­тық­ ұланы «Оңтүстік» өңірлік қол­басшылығы қолбасшысы­ның бұйрығымен диплом, грамоталар және бағалы сый­лық­тар берілді. Сондай-ақ бай­қау барысында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Геннадий Фалеев жеңімпаздарды Бауыр­жан Момышұлы атын­дағы «Ба­тыр шапағаты» меда­лімен марапаттады.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ