Әкімнің айтуынша, өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі- 409 млрд 249 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 52 млрд. 429 млн. теңгеге көбейген.
Есепті кезеңде ауданда 3625,2 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, облыс көлемінің 24,3% құрады.
1834 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 196-ге көбейген. Оның ішіндегі 151 заңды тұлғалар болса, 1683 жеке тұлғалар.
Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 5470 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 459 адамға көбейген. Кәсіпкерлерді қолдау бағытында 69,6 млн.теңге көлемінде 14 адамға несие берілді.
Ауданд ауылшаруашылық саласы екі бағытта: егін және мал шаруашылығы бойынша дамуда. Аудан бойынша 157 шаруа қожалығы тіркелген, оның 23 шаруа қожалығы егінмен, ал 119 -ы мал шаруашылығымен айналысса, 15 шаруа қожалығы екеуімен де айналысады. Қазіргі уақытта 2 а/ш кооперативтері құрылып, енді мемлекеттік бағдарлама аясында даму жоспарларын қаржыландыру пысықталуда.
-Аудан шаруашылықтары бойынша 10 аймен мал мен құстың барлық түрін тірідей салмақта етке өткізу 6,4 пайызға, сауылған сүт- 16,7 пайызға, тауық жұмыртқасы өнімі- 88,5 пайызға өскен. Мал басы бойынша: ірі қара мал- 2340 бас, 121 пайыз; қой- 37133 бас, 110 пайыз; ешкі- 14630 бас, 128,9 пайыз, жылқы- 10098 бас, 125,3 пайыз, түйе- 6204 бас, 99,3 пайыз;, құс- 2428 бас, 172,1 пайыз болды. Тіркелген жұмыссыздар саны – 316 адамды құрады. Оның ішінде жұмыссыздар ретінде тіркелгендер нақты саны- 134, өткен жылы 11 ай ішінде 168 адам болған еді. Қалған 182 адам жұмыспен қамту ақпараттық жүйесіне өзгеріс еңгізілуіне байланысты уақытша жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, айдың аяғына қалдырылған жұмыссыздар есебінде тұрғандар, деді Т.Асауов.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы