Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017

Қорғаныс пен қауіпсіздікті жетілдіре түсу қажет

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жуырда, Қорғаныс министрлігінде болған көшпелі отырысында Әскери доктрина, Тұжырым, Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтарының құрылу жоспары мен дамуы талқыланды.

Қорғаныс пен қауіпсіздікті жетілдіре түсу қажет

Талқылау барысында, ша­ра­ға қатысушылар Қару­лы Күштердің және Қазақ­стан Республикасының бас­қа әскери жасақтарын жаб­дықтаудың бірыңғай үрдісін даярлау керектігін атап өтті.

Әрине, заңнамалық тұр­ғы­дан алғанда осы салада соңғы жылдары көп мәселе­лер өз шешімін тапқан. Со­ның ішінде, әскери азық нор­ма­сының жалпы мөлшері бел­гіленіп, келесі жылдан бастап, жаңа қабылданған заңмен арнаулы баспаналық төлем тетік­тері арқылы барлық әс­кери қызметкерлерді тұр­ғын үймен қамтудың жаңа мо­делі енгізіледі.

Сонымен қатар, қазір Ұлт­тық Ұлан, Шекаралық қыз­мет, азаматтық қорғау қыз­мет­тері басқа мемлекеттік орган­дардың құрамында болған­дықтан, Қарулы Күштердің қаржылық жүйесінен тыс қалып отыр. Сол себепті олар­­­дың сұраныстары жү­йе­­лі түрдегі қаржы жетіс­пеу­шілікке душар болуда. Осы­ған орай, қоғамдық тәр­тіп­ті күшейту, ұлттық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету, тер­рорлық актілердің алдын-алу, анықтау және болдыр­мау жұмысының тиімді жүйесін дамыту мақса­т­ында Үкімет басшысы Ба­қыт­жан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, келесі шараларды іске асыруды ұсындық:

1.Бюджеттік кодекске­ Ұлт­тық Ұлан, Шекаралық қызмет, азаматтық қорғау қызметтерін қаржыландыруының дербес шығын лимитін қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

2.Қарулы Күштер­дің және Қазақстан Республикасының басқа әскери жасақтарды қар­жы­лан­дыру мемлекеттің ішкі жалпы өнімінің 1 пайызынан кем болмауын заңнамалық дең­гейде міндеттеу; Бұл шара тек қана Қарулы Күштер емес, соны­мен бірге Ұлттық Ұлан және Шекаралық қызмет жасақтарының қаржылық, материалды – техникалық қажеттіліктерін кепілді орындалуын қамтамасыз етеді.

Елдің қорғанысы мен қа­уіп­сіздігін жетілдіру масатында осы ұсыныстар орындалар деген үміттеміз. Бұл сауалға біздің комитеттің барлық мүшелері де қол қойды.

Нұржан НҰРСИПАТОВ,

Сенат депутаты