Экономика • 28 Желтоқсан, 2017

Кооперативтік қозғалыс: күнгей мен көлеңке

764 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазір ауыл шаруашылығында кооперативтендіру қозғалысы басталып, оған ауылдардағы отбасылық шағын шаруа қожалық­т­ары мен үй қасындағы қосалқы шаруашылықтардың да тартылып жатқаны белгілі. Негізінде ауылдардағы үй шаруашы­лық­тарының басын қосу оңай іс емес. Бұған Кеңес Одағының тәжірибесі мысал бола алады. 

Кооперативтік қозғалыс: күнгей мен көлеңке

Ауылдарда ұжымдастыру дәу­ірі басталған сол тұстары ең алды­мен қосшы одақтары, содан кейін барып артельдер, ақырында ұжымшарлар құрылған болатын. Ұжымшарлар кеңшарларға ай­нал­дырылған кезде Кеңес Ода­ғының өзі құлап тынды. Кеңес Одағы қолында барлық әкімшілік-командалық ресурс­тар бола тұра ауыл адамдарын ұжым­дастырып, ірі шаруашылықтар құруға өзінің қаншама жылдарын жұмсады. Ал тәуелсіз еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі осы істі қалпақпен ұрып ал­ғысы келетін секілді. Мәселен ми­нистр­лік биыл елімізде 326 коопера­тив құру жоспарланса, оның орнына 745 кооператив құрылды деп мәлімет таратқан болатын. Осы көрсеткіш рас па? Құрылып отырған 745 кооператив шынымен де қалыпты жұмыс арнасы­на кірісіп кете алды ма? Міне, күн тәр­тібінде тұрған осындай өткір сауал­ға Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұржан Әлтаев былай деп пікір білдірді.

«Иә бұл мәселені орынды көтеріп отырсыздар. Шынымды айтсам, осындай сұрақтың боларын өзім де күтіп едім.

Жаңағы 745 кооперативтің құрылған­дығы анық. Бірақ олар қалай жұмыс істеп отыр, бұл – екінші мәселе. Бәрі де ойдағыдай жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймын. Өйткені біздің идея­мыз бен талабымыз бойынша бұл құрылған кооперативтердің барлығы өздері шығаратын өнімдерді, мәселен, ет пен сүтті өткізу үшін сол өңірде жұ­мыс істеп тұрған ет немесе сүт зауы­ты­на нақты бекітілуі тиіс еді. Сөйтіп олар­­дың өнімдерін тұрақты түрде қабыл­дай­тын субъект арнайы келісім­шарт негізінде ай­қындалуы керек болатын. Өкі­нішке қарай, өңірлердегі әкім­дік­тердің барлығы осы жұ­мысты ақыр аяғына дейін жеткізе қойған жоқ. Бұл туралы мен нақты мысал да келтіре аламын.

Бірақ әңгіме мұнда емес. Әңгіме құрылып жатқан кооперативтер өндірген өнімдердің өтімді болуында. Сонда ғана олар өз істеріне сенімділікпен қарап, одан әрі дамуға ұмтылатын болады. Сон­дықтан біз қазір кооперативтер мен өңдеу­ші кәсіпорындар арасын тығыз бай­ланыстыру бағытында жұмыстар жүр­гізіп жатырмыз. Бұл мәселе қатаң бақы­лауда деуге болады», деп жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, ауылды кооперативтендіру ісінің тағы бір қиындығы – осы істің ерікті түрде жүзеге асырылатындығында. Егер жеке шаруалар кооперативке бірікпеймін десе, оларды зорлап біріктіруге болмайды. Мұндай күш Кеңес Одағының атқару органдарының қолында болғанымен, біздің министрліктің қолында жоқ. 

«Сондықтан біз кооперативке бірігу әрбір шаруа үшін іс жүзінде тиімді болатындай схема әзірледік. Соның бірі кооперативке біріккен шаруалардың өнімдерін өткізіп беру ісінің жолға қойыла бастағаны болса, екінші бір үлкен қолдау жеңілдетілген несиелер түрінде жасалуда. Мәселен, кооператив мүшелері өздеріне қажетті құрал-жабдықтар сатып алғысы келсе оларға 16 миллион теңгеге дейін жылдығы 6 пайызбен несие беріледі. Әрине, бұл істе алынған несиеге кепілдік қою жайы да ескерілген. Мәселен, сіз кооператив мүшесі ретінде 10 миллион теңге несие алатын болсаңыз, бірақ оған қоятын кепіл затыңыз болмаса, мұның 5 миллион теңгесіне мемлекет кепіл болады. Ал егер сіз өз бизнесіңізді енді ғана бастап жатқан кооператив мүшесі болсаңыз, онда мемлекет сіздің алатын несиеңіздің 80 пайызына дейін кепілдік бере алады. Қараңызшы, бұл кооператив мүшелеріне жасалып жатқан үлкен қолдау емес пе?!» деді вице-министр. Вице-министрдің айтуынша, қа­зіргі сәтте ауылды коопе­ра­тив­­­тен­ді­ру бағы­тын­да жүргізіліп жат­қан жұ­­мысқа қол­бай­лау болып отыр­ған кедергілер де аз емес екен. Со­ның бастыларының бірі коопе­ра­тив мүшелерінің сана-сезіміне, бі­лік­­­тілік деңгейіне қа­тыс­­ты болып отыр. Ашы­ғын айт­­­сақ, мемлекет көр­сетіп жатқан түр­­лі қолдаулар нә­тижесінде коо­пе­ратив­ке бірігу­дің коопе­ратив мүшелерінің бар­лы­ғы­на да пайдалы екендігін ауыл адам­дары толық түсініп бола қойған жоқ. Бірақ көп кешікпей бұл қиын­­дық та ең­се­ріл­мек. Өйткені «Атамекен» ұлт­тық кә­сіпкерлер па­ла­­та­­с­ының Бі­лік­ті­лік ор­та­лығы ар­қы­­­лы ауыл әкім­де­рі мен кәсіп­кер­лерді оқыту жұ­мыс­тары қол­ға алынуда.

Сонымен ауылды коопера­тив­­тен­­діру дегеніміз, бұл – кең ауқым­­ды, күш-жігер мен уақыт­ты қажет ете­­­тін үлкен жұмыс. Сон­дық­­тан сан мың­даған адам­ды қам­­тып отыр­­ған бұл іс­те бастапқы кез­­де ша­­­ла­­ғай­лықтар кез­д­есіп жат­­са, оған тү­сіністікпен қа­ра­ған орынды. 

Сондай-ақ Нұржан Әлтаев­тың ай­ту­ынша, коопера­тив­тен­діру жө­нінде елі­мізде қа­лып­­тасып келе жатқан жақ­сы тәжірибе де жоқ емес. Осыған мысал ретін­де Шығыс Қазақстан облысын­да құ­рыл­ған омарта шаруа­шы­лық­тары­ның коопе­ративін айтуға бола­ды. Бұл бір кооперативке облыс­тың 1,5 мың омарташысы, яғни об­лыс­тағы барлық бал арасын ұс­тау­­шы­лар бірікті. Міне, осы бір коо­­­перативтің өзі жылына 3 мың тон­на бал шығарады. Бұл – үлкен өнім. Мұндай қомақты өнім­мен кез келген рынокқа шығу­ға болады. Міне, осы 1,5 мың адам өз қар­жы­ларын бірік­тіре келе, өз­дері­не бал құятын ыдыс­­тарды шы­ға­ра­­тын үлкен цех сатып алып, оны әр­түр­лі көлем­де бал құятын бөш­ке­­лер шыға­­ратын жаңа техноло­гия­­мен жабдықтады. Тағы да өз о­р­­та­­ларынан қаражаттарын шы­ға­­ра отырып, Қытайдың ветин­спек­циясынан арнаулы өкілдер ша­қырып, бал мен ыдыстар сапасын тексерткен. Ақыр аяғында Қытай ветинспекциясының өкіл­дері коо­перативте өндірілген өнім­ге сенім­мен қарап, сатып алуға бо­ла­ды деген сертификаттарын берді. 
«Бұл – үлкен жетістік. Ен­ді со­ның нәтижесінде алды­мыз­­­­дағы қаң­тар айынан бас­тап ­Қытайға бал жеткізе бас­тай­­мыз. Әрине егер Шы­ғыс Қазақстанның омарта ша­руа­шы­лық­­тары бір кооператив аясына бі­рік­пей, бұрынғыша жеке-жеке қи­мылдайтын болса, бұл же­тіс­тік­тің шетін де көрмеген болар еді», деді вице-министр.

Иә, қазіргі күні еліміздің ауыл ша­­руа­­­­шылығында толған­ды­­ра­тын проб­­ле­малар аз емес. Олар­­ды шешу жол­дарын айтқан кез­де оңай кө­рін­генімен, нақты нәти­же­ге келген кезде әжеп­тәуір болып бас­тал­ған істердің ақы­ры қо­жы­рап сала беретіндігі де та­­­лай байқалды. Мә­селен, биыл­ғы жыл­­ды еліміздің ауыл шаруа­шылы­ғы саласы бірша­ма тәуір көр­­сет­кіш­термен қоры­тын­ды­ла­­мақ. Ет пен сүт, кар­топ пен көкө­­ніс өнім­дерінің көле­мі был­­ты­рғы жылмен салыстыр­ғанда едәуір артқаны байқалады. Бірақ өкінішке қарай, осы өнімдер баға­сының өскені де байқалады. Мұның себебі неде? Әлде статистика өтірік айта ма? 

Журналистер көтерген бұл мәселе бойынша да Нұржан Әлтаев жауап берді.

«Ауыл шаруашылығында өн­діріл­ген өнімдердің көлемі ту­ра­лы ресми статис­тиканы Ау­ыл шаруашылығы министр­лігі жүргізбейді. Оны жүр­гі­зе­тін арнаулы мемлекеттік орган бар. Біз соның мәлі­меттерін басшылыққа аламыз және оны өтірік деп айта алмаймыз. Біз қазір ашық нарық жағдайында жұмыс істеп жатырмыз. Мұның өзі біздің елімізде өндірілген азық-түлік өнімдерінің барлығы бірдей өз ішімізде қала бермейді деген сөз. Мәселен, биыл картопты мол алдық. Бірақ сонымен қатар оның экспорты да бұрынғыға қарағанда, жақ­сара түсті. Мәселен, көр­шілес Өзбек­станға жүз мың тон­на картоп экспорттадық. Себебі Өз­бекстан рыногы біздің картопқа біз­де­гіге қарағанда, әлдеқайда жо­ғары баға ұсынды. Кәсіпкерлер осыны пайдаланып, елде өндірілген картоптың елеулі бөлі­гін шетке жөнелтті. Тек кар­топ қана емес, биылғы жылы қой еті­нің және басқа да бірқатар өнімдер­дің экспорты да былтырғы жылға қарағанда, бірнеше еселеп өсті», деді вице-министр.

Сөз орайында бұл әңгіменің Ауыл шаруа­шылығы вице-ми­нистр­ле­рі Нұржан Әлтаев пен Руслан Құр­ма­нов­тың қатысуы­мен өткен семинар­да өр­бігенін де айта кету қажет. Семи­нар­ға қатыс­қан министрлік өкіл­дері­нің бол­жа­мынша, алдағы жыл­дары елі­міз­дегі ет бағасы бір­ша­ма тұ­рақ­­тануы ти­іс. Өйткені бұ­рын мұ­­най өн­діру­мен, құ­рылыс са­лумен шұ­ғылданып жүр­ген аза­мат­­тар­дың өзі мал өсіруге қа­рай бет бұ­рып отыр. Осыдан екі-үш жыл бұрын бұлай бола­ды деп күтудің өзі мүм­­­кін емес еді. Енді әлемдік ры­­нок­­та азық-түлік өнімдерінің, со­ның ішінде ет, сүт өнім­дерінің баға­сы шарықтай бастаған­дық­тан Иран және бірқатар араб елдері бізден қой етін сатып алуға бейіл екендігін білдірді.

«Мәселен, Иранда болғаны­мызда осы елдің ауыл шаруашы­лығы саласы­ның басшылығы мен нарықтағы ірі ком­пания­ларының өкілдері «Сіздер бізге қой етінің ірі партиясын тауып бе­ріңіздер, осылай істесеңіздер, біз сіз­­дермен жоғары баға бо­йынша ке­лі­сім­шартқа отыру­ға бүгін дайын­быз», де­ді. Міне, осы жағдай­лар түптеп кел­генде елі­міздегі ауыл шаруа­шы­лы­ғы­­ның көтерілуіне себеп­ші бо­ла­тын­д­ы­ғы түсінікті. Ауыл ша­­руа­шы­­­лығы кө­тер­ілсе, көп­те­­ген аза­мат­­тар осы са­ла­ға жұ­мысқа келіп, өнім кө­ле­­мін әлдеқайда молайтады. Сөй­тіп бағада тұрақтылық ор­най­тын болады. Еліміз астық­ты мол өн­ді­ретіндіктен оның ішкі ры­нок­тағы бағасында тұ­рақ­­ты­лық­тың сақталынып ке­ле жат­қандығын көріп отырмыз. Ен­ді осындай жағдай мал ш­а­руа­шылығында да орнығады деген сенімдеміз», деді семинарды қорытын­дылаған министрлік өкілдері.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»