Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2017

Игі бастама (Жетісай – Шардара тас жолы жайында)

791 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тарих үшін қас қағым тәу­ел­сіз­діктің 26 жылында Қазақстан хал­қы ғажап жетіс­тік­терге қол жет­­­­­­­кізді. 

Игі бастама (Жетісай – Шардара тас жолы жайында)

Алмас­тың жүзіндей си­­­қ­ыр­­­­лы саясатта болсын, күн­делікті ты­­ныс-тіршілігіміздің оң­­тайлы ор­нықтылығында бол­сын, қар­шын­дай қадам бас­қан эко­­но­микалық са­­ладағы өр­кен­­ді өсуі­мізде болсын елі­­­міз жүз­жыл­дық­тарға пара-пар ке­­­зең­дерді басып өтті, ерлікке толы ерен істердің басын қайырды. Бү­гін­де Ұлы Даланы мекен еткен, ұлан-бай­тақ Ұлысымызды жаһан таниды, әлем мойындайды, күллі дүние құрмет тұтады. 

Бұл  –  көреген Көшбасшы, ел көсемі Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев­тың сарабдал сая­са­ты­­ның ар­қасы, елі сүй­ген, елін сүй­ген Ел­ба­сының жан­кеш­ті ең­бегі, ұлы би­­ік­терді бағын­ды­ру­ға ба­ғыт­тал­ған Тұң­ғыш Пре­зи­ден­ті­міз­дің сұң­ғы­­ла мұ­рат-жос­пар­ла­рының шы­на­й­ы­лығы.

 Осындай мың-сан келелі іс, кемел шаруаның куәсіндей жазы аптап, қысы қатқақ Оңтүстікте Жетісай –Шардара тас жолы, жаңаша қатынас даңғылының қыр­уар жұмысы басталып кет­ті. 360 мыңдай тұрғыны бар Мақ­та­арал ауданы мен 100 мың­ға тақау халқы бар Шардара өңірінің арасын жалғастыратын 80 шақырымдық шын мәніндегі өмір жолы ауылы аралас, қойы қоралас қос аймақтың қан тамырына қуат, қарым-қатынасына қарқын беріп, тұрмыс-тіршілігін нұрландыра, шуақтандыра түсетіні ақиқат. Бұ­рын­дары көр­ші елге жалтақтап, айналма жол­мен 200 шақырымдай бейнет кешіп, ағайын-туыспен әрең табысып жататын жұртшылық енді күн өтпей қысқа һәм айнадай әсем тегіс жолмен жүріп өтіп, уақытты да, түрлі шығындарды да үнемдейтін болдық.

Ал қазір жол құрылысына осы атыраптың жүздеген азаматы қам­ты­л­ып, нәпақасын тауып жат­­са, сол ба­ғыттағы Қуанқұдық, Еңбек­ші, Қа­расақал, 1 Мамыр, Датқа ауыл­да­ры­ның да бойларына қан жүгіріп, ажар­ланып сала берді. 

Қысқасы, Елбасы қолдап-қуат­та­ған Жетісай – Шардара тас жо­лы бүгінгі буынға да, келешек тол­қын­ға да қалтқысыз қызмет ететіні айдан анық.
 Біз ел Президентінің талап-тап­­сыр­маларын мүлтіксіз орындап жү­р­­ген, ұлтжанды азамат, жауап­ты қызметкер, Оңтүстіктің тума­сы Ислам Әбішевтің де осы тас жол­­ды салу ісіндегі ұй­ым­­дас­­ты­ру­шы­лық, іскерлік, біл­гір­лік, қадір-қа­­си­ет­теріне жоғары баға беріп, жы­лы ілтипатымызды білдіруді жөн са­надық. 

Халық игілігі үшін бастаған игі шара баянды болғай!

Ы.Сахов, Қ.Ілесов, 
Ш.Сарыбаев, Қ.Мұсаев, 
І.Шойбеков, Б.Дәрменшеев, 
О.Әбдірахманов, Ж.Серікбаев, 
Р.Сейдазимова, т.б., 
барлығы 97 адам қол қойған

Оңтүстік Қазақстан облысы