Қазақстан • 09 Қаңтар, 2018

Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру ісі

873 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қа­зіргі таңда қоғамның құқықтық ұста­ным­­дары қолданыстағы әкімшілік құқық бұ­­зу­шылықтар туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігін айқындайды. 2015 жы­лы Елбасы Н.Назарбаев Үкіметке әкім­ші­­лік-деликтік заңнаманың тиімділігін арт­ты­ру туралы мәселені қарауды жүктеген еді.

Әкімшілік заңнаманы ізгілендіру ісі

Осыған қоса, Елбасы былтырғы Жолдауында да әкімшілік заңнаманы ізгілендіру қажеттігін атап өтті. Осы тұрғыда Президенттің Үкіметке берген тапсырмаларының ерекше өзектілігі бар.

Қойылған міндеттерді орындау үшін Әділет ми­нистрлігінің жанынан ведомствоаралық ғы­лыми-консультациялық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкі­меттік емес ұйымдардың және ғылыми қауым­дас­тықтың өкілдері кіріп, өзара қарым-қатынаста Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын әзірледі.

Заң жобасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жазалау шараларын жеңілдетуге, ал­дын алу функциясын арттыруға және адам құ­қық­тары мен бостандықтарын, қоғам мен мем­лекеттің мүдделерін қорғауды күшейтуге бағыт­талды. Осы орайда Заңнама институты да Әділет министрлігіне бағынысты мекеме ретінде аталған шараларға атсалысуда.

Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу барысында Заңнама институты өз құзыреті ше­гінде заң жобасының негізгі ережелерін бұқа­ра­лық ақпарат құралдарында және әлеуметтік же­лі­лерде кең ауқымда ақпараттық-түсіндіру жұ­мыстарын жүргізді.

Заң жобасын әзірлеушілер жұмыс барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша келіп түскен 1200-ден астам ұсынысты қарастырып, солардың ішінен 472 ұсыныс бойынша келісілген шешім қабылдады. Кодекстің 335-бабы өзгертілді және 28 жаңа бапқа толықтырылды. Жалпы, әкімшілік заңнаманы ізгілендіруге бағытталған 345 құрам бойынша санкциялар жеңілдетілген, 157-ден астам әкімшілік құрам бойынша айыппұлдардың мөлшерлері төмендетілген, 38 құрам бойынша ескерту жасау жазасын қолдану институты кеңейтілген, сондай-ақ жеңілдету мақсатында 30 құрам бойынша жаза түрлері қайта қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ескерту жасау жазасын қолдану тәртібі толық мөлшерде айқындалмағанын ескере отырып, осы мәселенің заңнамалық реттелуін қамтамасыз ету мақсатында кодексті белгілі бір құқықтық ережелермен толықтыру қажет. Осы мәселені шешу үшін әзірлеушілер ұйқастық қағидатына сәйкес жасалған құқық бұзушылық үшін ескерту жасау жазасын тағайындау мүмкін құрамдарды кеңейту қажет деген шешімге келді.

Қазіргі кезде заң жобасы Парламент Мәжілісін­де талқылауда жатыр және осы жылдың аяғына дейін Елбасының қарауына енгізілмек.

Достан ДОСМЫРЗА,
Қазақстан Республикасы Заңнама институтының бөлім басшысы