18 Қараша, 2011

Дастарқан толы нан-тоқаш

578 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Облыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғына арналған облыс әкім­дігінің ұйымдастыруымен «Бе­­реке бастауы – нан» атты  фестиваль болып өтті. Ауыл-ауылдан, қалалардан келген  нан пісірушілер өз өнімдерін көпке таныстырып бір жасап қалды. Қара нан, ақ нан дейсіз бе, сыртына бал жағылған тәтті тоқаштар мерекенің сәні мен мәніне айналды. Ас атасы – нанның дастарқанға қандай еңбекпен келіп жететінін осындай аста-төк молшылық пен береке-бірлікті, татулықты ай­қындайтын мерекелер ұқ­тырар. Биыл облыста 400 мың тоннадан астам астық жиналды. Астық бағасы   арзан. Жиын-терін уақыты да аяқталды. Бұл мерекені  об­лыстың ауылшаруашылық жылын қорытындылаған жиы­ны деп те  айтуға болар. Ди­қандар мен наубайшылар, кә­сіпкерлер, ұннан түрлі тәт­тілер жасайтындар өздері өсіріп, өздері пісірген нан-тоқаш, бауырсақ, бәліш-самсалардың түр-түрін әке­ліп, осы мерекелі күннің межелі сәтіне тарту жасағандай болды. Ауылшаруашылық көр­месіне 200-ге жуық нан-тоқаш  өнімдері қойылды. Ұн тартушы кәсіпорындар мен наубайханалар, дүкендер са­ны көбейгенін осыдан-ақ байқауға болады. Мысалы, Екібастұзда тәулігіне 24 мың бөлке нан шығаратын «Энер­гия Капитал» кәсіпорны құ­рылды.  Ал, түрлі тәттілер, нан-тоқаш пісіретін шаруа қожалығының басшысы Нұр­жамал Қарашашева пісіретін өнімдерді шарбақтылықтар жақсы біледі.  Александр Поляков басқаратын «Победа» серіктестігі салмағы бірнеше   кило тартатын «Каравай» на­нын пісіріп әкеліпті. Серіктестік бірнеше жыл бойы би­дай­дың эли­талық түрлерін өсіру­мен айналысады. Соны­мен бірге, Павлодар ауданы­ның жеке кәсіпкері Анна Солдатова нан-тоқаштардың 8 тү­рін пісіреді. Күніне бір мың бөлке нан шығарады.  Ауыл­дағы дү­кенінде күніне 400 бөлке нан сатылатын көрінеді. Зейнеткерлерге 10 пайыздық жеңіл­дік берілген. Фестивальға қатысушылар «үздік нан-то­қаш өнімдері көрмесі үшін», «өнім түрлерін кө­бейткені және маркетинг сая­сатын жетілдіргені үшін», «үздік нау­байшы», «үздік кон­дитер» және  басқа  ата­лым­дар бойын­­ша марапатталды. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.