18 Қараша, 2011

«АвтоВАЗ» Алтайға бет бұрды

230 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Өскеменге «АвтоВАЗ» ашық акционерлік қоғамы­ның президенті Игорь Комаров бастаған делегация келді. Ресейлік қуатты кө­лік кәсіпорны басшысының Шығысқа келудегі мақсаты – автомобиль шығару және сату бойын­ша «АвтоВАЗ» ААҚ, «Азия Авто» АҚ пен «Ертіс» корпорациясы ара­сын­дағы стратегиялық серіктестік мемо­рандумына қол қою. Үшжақты кездесу ай­мақ басшысы Бердібек Са­пар­баевтың қатысуымен өтті. Басқосу барысында об­лыс әкімі қонақтар мен рес­ми серіктестерге өңірде жүзеге асырылып жатқан бизнес пен өндірісті дамы­ту­дың мемлекеттік бағдар­ламалары жөнінде, соны­мен қатар «Ертіс» әлеумет­тік-кәсіпкерлік кор­порация­сы туралы баяндап, Үкімет­тің автомобиль өндіру сала­сын дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Біз Қазақстанмен және се­ріктесіміз «Азия Авто» зауы­тымен сенімді қарым-қаты­настар қалыптас­тыр­дық, сон­дықтан Өскеменде жаңа өн­діріс орнын құруға мол мүм­кіндіктер барын бағам­дап отырмыз. Мұнда жыл сайын көлік сату көлемі көбейіп келеді. Қазақстан рыногының келешегі кемел екеніне біз айқын көз жеткіздік. Елде жан басына шақ­қандағы автокөлік саны әлі де арта түспек, ал автомобиль рыногын жаңалап отыру заманауи машиналар шығаруды қажет етеді. То­лық циклді өндіріс тек сатылым мен ішкі жалпы өнімді өсіруге ғана емес, сондай-ақ, жаңа жұмыс орын­­дарын ашуға да мүм­кіндік бермек. Автомобиль өнер­кәсібі металлургия мен мұ­най химиясынан бастап, электроника мен жоғары тех­нологияларға дейінгі түр­лі салаларды дамыта оты­рып, ғылымды да өркендете алады. Біздің бірлескен жо­бамыз қолдауға ие болып, зор табыс әкелуі тиіс,  деді өз кезегінде Игорь Комаров. Меморандумға қол қою алдында автоконцерн бас­шысы болашақ кәсіпорын­ның аумағын көріп қайтты. Бұл алаңды облыс әкімдігі Үкімет пен «Азия Авто» акционерлік қоғамы арасында қол қойылған елімізде ең ірі автоөнеркәсіп кластерін құру туралы келісімнің ая­сында бөлген. Аталмыш аумақта жылына 120 мың көлік шығаратын қуаты бар өндіріс кешені салынады, мұнда дәнекерлеу, автомобиль шанағын сырлау және қосалқы бөлшектер жасау цехтары болады. «АвтоВАЗ» президенті дайындық жұмыстарының барысымен жіті танысып, зауыт аумағының өте сәтті орналасқанына мән берді, сонымен қатар ол, «Азия Авто» президенті Ержан Мән­диевпен және «Бипэк Авто» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төр­ағасы Анатолий Балушкинмен бірлескен жұмыстарды атқару мәселесін кеңінен талқылады. Рыноктағы сұраныстың өсу қарқынын есепке ала отырып өндірістің бірінші кезеңін (жылына 90 мың автокөлік) 2015 жылы, екін­ші кезеңін (қосымша жы­лына 30 мың автокөлік) 2017 жылы іске қосу жоспарлануда. Болашақ кәсіп­орынның өнімі негізінен Ресейдің Сібірі мен Қиыр Шығысына және Орталық Азия, Кавказ елдеріне өт­кізілмек. Келер жыл жаңа өндіріс орнын жобалау жұмыстары жалғасады. Өскеменде ең көп тараған және танымал модельдер жасалмақ. Атап өтерлігі, «Лада» автокөлік­те­рінің бағасы бұрынғы­сын­ша қолжетімді болып қала береді, ал сапасы жаңа деңгейге көтерілуі тиіс. Өзі­нің толық қуатына жеткенде бұл жоба еліміздің машина жасау саласындағы ең ірі жобаға айналады. Ол ішкі жалпы өнімді шамамен 1,5 миллиард долларға өсіріп, жыл сайын мемлекет қазынасына салық ретінде 87 миллион доллар қаржы құйып отырады. Үшжақты келісімге «Ертіс» корпорациясының қа­ты­суы жөнінде айтар бол­сақ, корпорация төрағасы­ның бірінші орынбасары Ве­ра Сухорукованың айтуын­ша, бірден-бір акционер – облыстық әкімдіктің шешіміне сай олар бірінші кезекте жарғылық капиталға үлес қосады, одан әрі барлық мемлекеттік қолдау шара­лары «Ертіс» арқылы іске асырылады. «АвтоВАЗ» президенті Астанада болып, Премьер-Министр Кәрім Мә­сімов­пен, Индустрия жә­не жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен кездесті, оған ШҚО әкімі де қа­тысты. Кездесулер кезінде тараптар кәсіпорын өнімін көрші­лес елдерге шығару, «АвтоВАЗ» бен «Азия Авто» кәсіпорындарының бірлескен жобасына мемлекеттік қолдау көрсету мә­селе­лерін талқыға салды. Ин­вес­тицияның жалпы көлемі 514 миллион АҚШ долла­рын құрайды. Жаңа зауыт өзінің жобалық қуа­тына жеткенде он екі мың жұмыс орны құры­лып, жы­­­­лына экс­порт­қа   1 мил­лиард­­­­­­тан астам дол­лардың өні­мін шығарады. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.