18 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №176

2825 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жө­ніндегі комиссияның ұсыныс­та­рын қарап, қаулы етемін: 1. Ғылым мен техника сала­сын­дағы Қазақстан Республи­ка­сының 2011 жылғы мемлекеттік сыйлығы мына авторларға: 1) «Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін «Казбиосил», «Ризовит-АКС», «Ба­койл-KZ» биопрепараттарын жасаудың технологиясы және өндірісін ұйымдастыру» тақыры­бындағы жұмыстар циклі үшін; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғы­лым комитеті Микробиология және вирусология институтының бас директоры, биология ғылым­да­рының докторы, профессор Аманкелді Құрбанұлы Сада­нов­қа; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Микробиология және вирусология институтының микробиология бөлімінің жетекшісі, биология ғылымдарының докторы Светлана Айткелдіқызы Айткелдиеваға; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Микробиология және вирусология институтының микробтық препараттар зертха­на­сының аға ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының док­то­ры, профессор Нина Николаевна Гавриловаға; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Микробиология және вирусология институтының микробтық препараттар зертха­на­сының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ирина Александровна Рат­никоваға; «Таза су» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы Ұлбосын Ротайқызы Ыдырысоваға; «Таза су» ЖШС аға ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Вячеслав Максимович Канға; «ГИРКАН» ғылыми-өндіріс­тік орталығы» ЖШС ғылыми жұ­мыс және инновация бойынша бас директорының орынбасары, биология ғылымдарының кан­ди­даты Ерік Жарылқасынұлы Шо­ра­баевқа; 2) «Жалпыланған коммутаторлар, когомологиялар және тепе­теңдіктер» жұмыстар циклі үшін: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Математика, информатика және механика инс­титуты РМК-ның Математика инс­титутының алгебра зертха­на­сының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының док­торы, профессор Асқар Сер­құлұлы Жұмаділдаевқа берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 17 қараша.    №176  

Ғылым мен техника саласындағы үздік ғылыми еңбектерге – мемлекеттің жоғары наградасы

Ғылым мен техника сала­сындағы Қазақстан Республикасы­ның Мемлекеттік сыйлығы Мемлекет басшысының ғылым, техника қайраткерлерінің еңбегін қоғам мен мемлекет алдында жоғары бағалау болып табылады және іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелері, қоғамға кеңінен танылған ғылыми жаңалықтары, монографиялар мен ғылыми жұмыстары, техниканың, материалдардың және техноло­гия­лар­дың әлемдік деңгейге көтерілген жаңа түрлерін әзірлегені және өн­діруді ұйымдастырғаны үшін беріледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 176 Жарлығына сәйкес Ғылым мен техника са­ла­сындағы Мемлекеттік сый­лық биыл қаралған 12 жұмыс­тың ішінен іріктеліп алынған екі жұмысқа берілді. Жоғары наградаға Микробиология және вирусология инсти­туты ұсынған, авторлары Аманкелді Құрбанұлы Саданов, Светлана Айткелдіқызы Айткелдиева, Нина Николаевна Гаврилова, Ирина Александровна Ратникова, Ұл­босын Ротайқызы Ыдырысова, Вя­чеслав Максимович Кан және Ерік Жарылқасынұлы Шорабаев болып табылатын «Ауыл шаруа­шы­лығы және қоршаған ортаны қорғау үшін «Казбиосил», «Ри­зо­вит-АКС», «Бакойл-КZ» биопре­па­рат­тарын жасаудың техноло­гия­сы және өндірісін ұйымдастыру» атты жұмыстар циклі ие болды. Жұмыс қоршаған ортаны қор­ғау және ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған. Микробиология және вирусология институтының қызметкерлері ауыл шаруа­шы­лы­ғы үшін жаңа биологиялық пре­па­раттарды әзірледі және өндіріске ендірді. Олар: азықты сүрлеу үшін «Казбиосил» арнайы ашыт­қы­сының үш түрі, бұршақ дақыл­дарының өнімділігін арттыру үшін «Ризовит-АКС» биологиялық тың­айтқышы, сондай-ақ қоршаған ор­таны мұнай және мұнай қалдық­тарынан тазалау үшін «Бакойл-KZ» препараты. Тұрақты азық қоймасы мал ша­руашылығын дамытуда негіз болып табылады. «Казбиосил» пре­паратын мал азығы өндірісіне ендіру сүрленген азықтарда құ­нар­лы заттардың сақталуына, ауыл шаруашылығы малдарын сапалы азықпен қамтамасыз етуге және олардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2008-2010 жылдар аралығында биопрепаратпен 500 мың тонна жүгері сүрлемі дайындалған. Со­ны­мен қатар құрғақ затты азықтарда бұзылмай сақталуының 8-10%, малдардың азықты жеу проце­сі­нің 7-16%, орта тәуліктік сауым­ның 0,4-0,6 литрге артқаны анықталды. «Ризовит-АКС» биопрепараты минералды тыңайтқыштардың ба­ламасы ретінде және сояның өнім­ділігін арттыру үшін қызмет етеді. 2008-2010 жылдары Алма­ты облысында препарат жалпы көлемі 30185 га шаруа қожалық­та­ры егістіктерінде қолданылып, одан 549 млн. теңге таза пайда алынды. Бұршақ тұқымдас өсім­дік­тердің өнімділігін және топы­рақ құнарлылығын арттыру, жем сапасын жақсарту, бұршақты егуде күкірт айналымындағы дақыл өні­мін арттыру және топырақтың нитраттармен ластануының ал­дын алу арқылы қоршаған ортаны қор­ғау тиімді шешім болып табылады. Қоршаған ортаны мұнай және мұнай өнімдерінен тазалау – өзекті мәселелердің бірі. «Бакойл-Kz» биопрепараты топырақты мұ­най өнімдерінен тазарту мақса­тында әзірленді. «Бакойл-Kz» препаратын «West­­Dala» ЖШС полигонында сынақ­тан өткізу оның жоғары тиімділігін көрсетті: 18% мұнаймен лас­танған топыраққа биопрепаратты енгізгеннен кейін ол 1 айдан соң 98% тазаланды. Препаратты қолдану мұнай­мен ластанған топырақты биоре­ме­диациялауды жүзеге асыруға, олар­ды ауылшаруашылық айна­лымына келтіруге және халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкін­дік береді. Бұл халықтың әлеу­меттік және экономикалық жағ­дайын айтарлықтай жоғарылатуда оң нәтижелер беріп отыр. Зерттеу жұмысының нәти­же­лері жоғары деңгейдегі апробациямен мінезделеді: 32 қорғалған құжаттар (авторлық куәлік, патенттер, инновациялық патенттер) алын­ды, 4 монография, 80-нен астам ғылыми мақалалар жарық көрді. Жұмысқа 36 пікір түсті. Олар­дың 9-ы шетел ғалымдарынан: Ресей (М.В.Ломоносов атындағы ММУ, Ресейдің ауылшаруа­шы­лық микробиология ғылыми зерттеу институты және т.б.), Өз­бек­стан, Қырғызстан, Әзербайжан және АҚШ-тан келіп түсті. Мемлекеттік сыйлықтың тағы бір лауреаты болып «Жалпылан­ған коммутаторлар, когомологиялар және тепе-теңдіктер» атты жұ­мыстар циклі үшін Математика, информатика және механика инс­титуты Алгебра зертхана­сы­ның меңгерушісі, академик, физика-математика ғылымдарының док­торы Асқар Серқұлұлы Жұ­маділдаев атанды. Жұмыс теориялық сипатқа ие және іргелі математика теориясын дамытады. А.С.Жұмаділдаев алгебра са­ла­сының маманы ретінде дүние жүзіне танымал. Ұсынылған жұ­мыстар циклі ассоциативтік емес алгебраның кең спектрі бойынша көпжылдық зерттеулер қорытын­ды­сы болып табылады және оған Лидің классикалық алгебралары, Лейбництің алгебралары, Нови­ко­ва­ның алгебралары, Цинбиелдің алгебралары, Якобиан алгебра­ла­ры кіреді. Автор Йордан және үш лилік алгебраларға қатысты классика­лық мәселелерді шешті; оң сим­метриялы алгебралар когомология теориясын әзірледі; қиғаш сим­метриялы тепе-теңдікпен алге­бра­ның жаңа кластарын қарауға енгізді. Жұмыс іргелі ғылымның ажы­рамас бөлігі болып табылатын ассоциативті емес алгебраның тео­риясын дамытады. Әлемдік математикада кеңінен танылған ма­ңыз­ды ғылыми нәтижелер алынды. Осылайша, А.С.Жұмаділдаев алгебрадағы жаңа бағыттың негізін – N-коммутаторлар теориясы мен Ли алгебрасына және басқа тривиалды емес симметриялы те­пе-теңдіктерге жақын алгебраның қиғаш симметриялы тепе-тең­діктер алгебрасының теориясын қалады. ММУ-дың Механика-математика факультетін бітірген, доктор­лық диссертациясын КСРО Ғы­лым академиясы Математика инс­титутының Ленинград бөлімінде қорғаған А.С.Жұмаділдаев 1995-2003 жылдары Еуропаның түрлі ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінде, атап айтқан­да: Жоғары зерттеулер институты (Париж), Макс Планка институты (Бонн), Халықаралық теориялық физика институты (Триест), Филдс институты (Торонто), Миттаг-Лефлер институты (Стокгольм), Ньютон институты (Кэм­бридж), Мюнхен, Киото, Стокгольм университеттерінде қызмет атқарды. Ғылыми қызметіне қоса ол белсенді оқыту ісімен де қатар айналысады. 2004 және 2006 жылы ҚБТУ-дың үздік профессоры атан­ды, ал 2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын алды. Автордың сыйлық алуға ұсын­ған жұмыстар циклі (көпшілігі рейтингтік журналдарда жария­ланған) 68 мақаланы құрайды. Автор зерттеулерінің әлемдік деңгейін дәлелдейтін объективті критерийлердің бірі оның жария­ланымдарынан үзінді алу индексі болып табылады. Математика са­ла­сындағы мақалалар бойынша деректердің анағұрлым толық ба­засы MathSciNet мәліметі бой­ынша А.С.Жұмаділдаев еңбегінен үзінді алу индексінің көлемі бой­ынша Қазақстан математиктерінің ішінде екінші орынға ие: оның еңбектерінен 86 автор 111 рет цитат алған. Жұмысқа 23, оның ішінде шетел ғалымдарынан 16 пікір келіп түсті: АҚШ (Солтүстік Каролина университеті, Йель университеті, Вейн университеті), Германия (Макс Планка институты, Стокгольм университеті), Голландия (Утвехт университеті), Франция (Страсбург университеті), Бразилия (Сан Пауло университеті), Канада (Брок университеті), Болгария (Математика және информатика институты), Ресей (В.А. Стеклов атындағы Математика институты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ). Осы жұмыс бойынша шетелдік жекелеген ғалымдар пікірі де келіп түсті. Ол пікірлерді дүние жүзіне танымал ғалымдар, Фильдс, Мура, сондай-ақ Ю.Манин, С.Новиков, Е.Зельманов, И.Шестаков ұсынды. Ғылым мен техника саласын­дағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын Президент Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақордада салтанатты жағдайда өзі тапсырады. Бұл Елбасының, мемлекеттің отандық ғалымдарға, олардың ғылым саласындағы жетістіктеріне деген ерекше көңіл бөлуінің жоғары көрсеткіші бо­лып табылады. Жоғары награда­ларды беру ғалымдарды көтеру мақсатында қарастырылған және 2007 жылдан бастап Мемлекеттік сыйлықтың мәртебесі, сондай-ақ материалдық мазмұны көтерілді. Соңғы жылдары Мемлекеттік сый­лық химия, биология, ядро­лық физика, математика саласын­дағы жұмыстары үшін респуб­ликаның танымал ғалымдарына берілді. Қазақстан ғылымы үшін осы жыл айрықша және айтулы болып табылады. «Ғылым туралы» Заңға қол қойылды және қазіргі уақытта оны тиімді іске асыруды көздей­тін жұмыстар жүргізілуде. Заңда жазылған түбегейлі жаңа енгізілімдер бірінші орында ғылыми зерттеулерді дамытуға, отандық ға­лым­дардың ғылым саласында ірі нәтижелерге жетуіне бағыт­талған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.