Әлем • 25 Қаңтар, 2018

ҚХДР корей халқын бірігуге шақырды

1089 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Корея билігі Пхеньян мен Оңтүстік Корея арасындағы әскери жағдайды жақсартып, барлық корей ұлтын бірігуге шақырды, деп хабарлады The Independent. 

ҚХДР корей халқын бірігуге шақырды

Хабарламада негізгі міндеттердің бірі корей ұлтының бірігуі екені, ҚХДР мен Оңтүстік Кореяның бірігу мәселесінің қарастырылу керектігін айтылған. Сонымен қатар бұл жағдайға үшінші тараптың жол берілмейтіні көрсетілген. Солтүстік Корея билігі сонымен қатар зымыран мен ядролық бағдарламаларға байланысты сынды азайтуды сұраған және бұл саясат солтүстік пен оңтүстіктің бірігуіне кедергі еместігін айтқан. 

Пхеньян ядролық соғысқа арандатып отырған АҚШ-қа корей ұлты бірігіп қарсы тұру керектігін айтты. ҚХДР Солтүстік пен Оңтүстіктің гуманитарлық және саяси мәселелер бойынша қарым-қатынасын дамытуға шақырды. Хабарламада саяси партиялар арасындағы байланысты нығайту керектігі де айтылған. 

Солтүстік Корея 2018 жыл екі тараптың қарым-қатынасындағы "үлкен өзгерстер" жылы болатынына сенім білдірді. жыл басында ҚХДР мен Оңтүстік Корея шенеуніктері келіссөз жүргізді. 

ҚХДР билігінің хабарламасы үкімет пен саяси партиялардың бірлескен отырысынан кейін мемлекеттік БАҚ-та да жарияланды. 

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылғы қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылуында КХДР мен Оңтүстік Корея спортшылары «Біртұтас Корея» туының астында шығады. Туды қос мемлекеттің бір-бір спортшысы ұстап шығады. Ал әнұранның орнына «Ариран» әні шырқалады. Бұл ұсынысты ХОК қабыл алды. Екі елдің спортшылары бір тудың астында соңғы рет он екі жыл бұрын, яғни 2006 жылы Туринде өткен қысқы Олимпиадада шығыпты.