18 Қараша, 2011

«Нұр Отан» сайлауға дайын

330 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев төртінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын та­ғайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленді. «Нұр Отан» партиясы еліміздегі жетекші саяси құрылым ретінде айтулы оқиғаға бірден назар ауда­рып, алдағы парламент және мәс­ли­хат сайлауларына толықтай дай­ын екендіктерін мәлім етті. Арнайы баспасөз мәслихатында партия Төрағасының бірінші орын­басары Нұрлан Нығматулин: «Осы­ған байланысты, бүгін біздің пар­тиямызда республикалық қоғам­дық штаб құрылды. Бұл штаб құ­рамына елімізге танымал азаматтар, белгілі саясаткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері кірді. Енді біз пар­тиямыздың сайлау бағдарламасы бойынша насихат жұмыстарын жүр­гізумен қатар, сенімді өкіл­дер­дің міндеттеріне де ерекше назар аударамыз. Ал, біздің ең басты мақсатымыз – Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында «Нұр Отан» партиясының үлкен, әділ және таза жеңісін қамтамасыз ету. Сол үшін республикамыздың бар­лық аймақтарында, қала мен аудандарында осындай штабтар ашы­латын болады», – деп атап өтті. Штабты партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­ма­тулин басқарады. «Нұр Отан» партиясы барлығы 16 аймақтық, 210 қалалық және аудандық сай­лау­алды штабтарын құратын бола­ды. Сайлау компаниясының нақты жоспарын жасау және заң талап­тарына сай болуын бақылау жұ­мыс­тарымен республикалық штаб айналысады. Баспасөз мәслихатына қатыс­қан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қала­лық филиалы саяси кеңесінің мү­шесі Нұрлан Оразалин: «Нұр Отан» партиясын біз мәдениет пен өнер саласының жанашыры деп білеміз. Осы салаға қолдау көрсету үшін партиямыз қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Сондықтан да біз, өнер адамдары, Елбасымыз бас­қарып отырған «Нұр Отан» пар­тиясын әрқашанда қолдауға әзірміз. Алдағы Мәжіліс сайлау­ын­да да осы партия жеңіске жетеді деген сенімдеміз», – деді. Ал  «Сауап» республикалық қоғамдық қо­ры­ның президенті, жазушы Ба­қыт­бек Смағұл ауған соғысы арда­гер­лерінің әрқашан Елбасының пар­тия­сын қолдайтынын, «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік салаға көп көңіл бөліп, азамат­та­ры­мыз­дың әл-ауқатының артуын қамта­масыз ету, татулық пен тұрақ­ты­лықты сақтау, ең бастысы, барша қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар атқарып келе жатқанын сөз етті. Басқалар да осы тұрғыда сөз саптады. Сондай-ақ, баспасөз мәслиха­тын­да Нұрлан Нығматулин Елба­сы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы 25 қарашада Астанада партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойғанын хабардар етті. Онда сай­лауалды бағдарлама талқыланып, үміткерлердің партиялық тізімі бекітілетін болады. Қорыта айтқанда, «Нұр Отан» сайлау үдерісіне толықтай дайын. «Егемен-ақпарат».