«Өткен жылы 70 апатты және тозығы жеткен тұрғын үйді сүру бойынша қарқынды жұмыс атқарылды, ауданның 1 379 тұрғыны жаңа тұрғын үй кешендерінен пәтер алды», - деді «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек халықпен есептік кездесу барысында.
Еске сала кетейік, 2016 жылы ауданда 33 үй сүріліп, ауданның 446 тұрғыны пәтер алған. Ескі үйлерді сүрудің пилоттық жобасы ТМД елдері арасында алғаш рет Астанада жүзеге асырылуда.