19 Қараша, 2011

Мақсат – өзара ықпалдастықты тереңдету

287 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Астанаға ресми сапармен келген Сербия Республикасының Сыртқы істер министрі Вук Еремичпен кездесіп, келіссөз жүргізді. Вук Еремичтің бұл Қазақстанға жасаған төртінші, ал министр ретіндегі бірінші ресми сапары болып табылады. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған келіссөз барысында екіжақты және көпжақты ын­ты­мақтастық мәселелері тал­қы­ланды. Е.Қазыханов өз сөз­ін­д­е Қазақстан мен Сербия ара­сын­дағы саяси, сауда-эко­но­микалық және мәдени-гу­ма­нитарлық қа­ты­настар жемісті дамуда екеніне ерекше екпін түсірді. Биыл екі ел арасында дипломатиялық қарым-қаты­нас­тардың орнаға­нына 15 жыл толғалы отыр. Былтыр қазан айында Сербия президенті Борис Тадич­тің Қазақстанға мемлекеттік сапа­ры болып өтті. Соның нә­ти­же­сін­де «Еркін сауда ту­ра­лы», «Өз­ара инвестицияны қор­ғау ту­ралы», «Екі мемлекет азамат­та­рының визасыз ба­рыс-келісі туралы» үкі­мет­аралық келісімдер жасалып, екі ел сыртқы істер министр­лері мен сауда-өндірістік па­ла­талары арасын­дағы ынты­мақ­тастық жөніндегі ведом­ст­во­аралық меморандумға қол қойылды. Биылғы сәуір айында екі мем­лекеттің азаматтарының өз­ара сапары туралы үкімет­ара­лық келісімі өз күшіне енді. Яғни, жоғары деңгейдегі қол жеткізілген уағдаластық­тар бойынша екі ел арасында визасыз режім орнатылды. Енді қазақстандық­тар мен сер­бия­лықтар бір-бірі­не бір айға дейінгі аралыққа ви­засыз бара алады. Жалпы, Сербия Еуро­падағы Қазақстанмен визасыз режім орнатқан алғаш­қы ел болып табылады. Елімізбен ынтымақтастық­ты одан әрі тереңдетуге маңыз беріп отырған Сербия Қазақ­стан­­да өз Елшілігін ашқаны бел­гілі. Сонымен қатар, екі ел арасында бірнеше саяси-эко­номикалық және инвес­ти­ция­лық келісімдер жасалып, екі­жақты консультациялар ту­ра­лы келісімге қол қойылған. Осы ретте Бірлескен сауда-эконо­ми­ка­лық мәселелер жө­нін­дегі комиссия құрылғанын айта кету керек. Оның оты­рысы келесі жылы өткізіліп, онда қарым-қатынастарды одан әрі де белсенді дамыту мәселелері жан-жақты талқы­ланады деп күтілуде. Осы орайда Сербия сырт­қы саясат ведомствосының бас­шысы В.Еремич аталған комиссияда теңтөраға лауа­зы­мы­на ие. Өкінішке қарай, екі ел арасын­дағы сауда айна­лы­мы елдердің әлеуетіне сәйкес емес. Өткен жылы екіжақты алыс-беріс кө­ле­мі 13 миллион ғана долларды құраған. Бұл көрсеткіш соңғы бірнеше жыл қатарынан еш өз­герер емес. Екі ел іскер топтары басқо­сып, экономиканың өнді­ріс, кө­лік, энергетика, телекоммуникация, ақпараттық технология және фармацевтика сияқ­ты секторлары бойынша дөң­ге­лек үстел де өткізген болатын. В.Еремич өз сөзінде келесі жылдан бастап екі ел эко­но­ми­калық ынтымақтастығы жүй­­елі түрде үйлестіріліп, нығая түсе­ріне сенім білдірді. Оның пайы­мынша, бұл ауыл шаруа­шы­лы­ғы, құрылыс және фармацевтика салаларында ерекше көрініс табуы тиіс. Пікір алмасулар барысы Астана мен Белградтың өзекті деген халықаралық және ай­мақтық проблемалар бойынша көзқарастарының жақын екенін көрсетті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.