Әдебиет • 03 Ақпан, 2018

Павлодарда  Высоцкийді еске алу кеші өтті

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте  Владимир  Высоцкийдің (1938-1980) 80 жылдығына арналған шараны  «Вдохновение» кітапқұмарлар және «Тарихи тұлғаларды есте сақтау» клубы  ұйымдастырды.

Павлодарда  Высоцкийді еске алу кеші өтті

Оқу орны жанынан  ашылған клуб мүшелері, студенттер, оқытушылар әдебиет, театр, музыка және кино тарихында мәңгілік орын алған, бүкіл халыққа  ортақ танымал тұлғаларды  әркез осылай еске алады. Кешке жиналғандар ақын, әртіс В.Высоцкий жайлы айтты. Оның репертуарында 600-ден астам ән мен 200-ден астам өлең бар. Владимир Высоцкий әскерилер, шахтерлер, археологтар, шахматшылар мен альпинистер үшін де ол -«өз адамы» болып қалыптасқан. Кеңес өкіметі кезінде өмір сүрген бүгінгі орта жастағылар, кешегі жастар Высоцийді Дәуір адамы, Дәуір тұлғасы деп бағалайды. Қос клубтың төрағасы Аслан Әзербаевтың айтуынша, Владимир Высоцкий – «дамыған соцализм» кезеңін айшықтап көрсеткен ақын. Ол радио мен телевидениеде, газеттерде айтылмаған жайттарды  ашық айтты. 

- Бард Высоцкий үшін «рұқсат етілмеген» тақырыптар болған жоқ. Ол махаббат, достық, қылмыстық әлем мен ішімдік тақырыптарын да шығармашылығына арқау етті. Оның поэзиясы мен прозасы, әртістік және режиссерлік жұмыстары «Брежнев уақытын» нақпа-нақ көрсетеді, - дейді А.Әзербаев.

Шара аясында  В. Высоцкийдің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме өтті. 

Фарида Бықай
«Егемен Қазақстан»
Павлодар

Суретті түсірген: Руфина Торпищева