Мүшәйраға еліміздің өңірлерінен 200-ге жуық жас ақын қатысып, мүшәйра жеңімпаздарын ақын Несіпбек Айтұлы, ҚР Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, өнер қайраткері Нұрлан Өнербаев, ақын Қалқаман Сарин және басқа да белгілі қоғам қайраткерлері марапаттаған. Қорытынды бойынша үздік 30 ақынның өлеңдері кітап болып жарыққа шығарылған.
Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы ақындар мүшайрасын осы жылы да өткізуді жоспарлауда. Бірақ осы жылғы шара еліміздің бас қаласы Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойына арналады.
«Мүшәйраның алғаш рет өткізілгенін және маңыздылығын ескере отырып, осы жылдан бастап дәстүрлі түрде өткіземіз деген ойдамыз, сонымен қатар, келесі мүшәйра Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналатын болады», - деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ақұлан Тастемір.