Фото: Валерий БУГАЕВ
Облыс орталығындағы «Балаларды оңалту бөлімнің» ашылуын облыс әкімдігі және «EastTradeSolutions» ЖШС қолдауымен «Дара» қоры ұйымдастырды. Ата-аналар да «Әр түрліміз-теңбіз»: еліміздіге инклюзивті білім беруді қолдаймыз!» жобасын қолдайды. Өйткені, өңірде ерекше білім беруді қажет ететін 6 мыңнан аса бала тұрады.
Барлық аудандардағы оңалту кабинеттерде әрбір ерекше баланың дамуына түзету, қолдау көрсететін педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, емдік денешынықтыру нұсқаушысы, дәрігер-невропатолог сияқты мамандар тобы жұмыс істейді. Сондай-ақ, ата-аналарға психологиялық қолдау және консультациялық көмек көрсетіледі.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, барлық кабинеттерде балалардың жүріп-тұруына орай кедергісіз жағдай жасалуда. Мамандар бөлмелері заманауи оңалту құрылғылары, әдістемелік материалдар, әдебиет және ойындар, Монтессори материалдарымен қамтылған. Жыл сайын арнайы емдеу кабинеттері сөйлеу қабілеті, интеллектісі, тірек-қимыл аппараты бұзылған 120-дан астам балаға мамандардың тегін білікті және кешенді қолдау көрсетеді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақастан»
Павлодар