Қазақстан • 07 Ақпан, 2018

Дархан Қыдырəлі: 2017 жылы біз жаңа маркетингтік саясатты қолға алдық

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық Коммуникациялар қызметінде "Егемен Қазақстан" РГ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырəлі 2017 жылдың жұмыс қорытындысы мен 2018 жылға арналған даму бағыттары туралы баспасөз конференциясын өткізіп жатыр. 

Дархан Қыдырəлі: 2017 жылы біз жаңа маркетингтік саясатты қолға алдық

Конференция барысында Басқарма төрағасы Дархан Қыдырəлі "Егемен Қазақстан" газетіне мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі соңғы 4 жылда өзгермегенін, бірақ осы жылдар ішінде қағаздың, бояудың бағасы, баспахана қызметі бірнеше есеге өсіп кеткенін, сондықтан басылым жаңа маркетингтік саясатты қолға алып, газеттің жарнамадан түсетін табысын ұлғайтуға күш салғанын айтты.  "Соның нəтижесінде жарнама мен ақылы қызметтен түсетін табыс 2017 жылы (2016 жылмен салыстырғанда) 16 пайызға өсті. Біз осы орайда корпоративті клиенттермен жұмысты күшейтіп, жарнаманың сапалық және дизайндық мазмұнын байытуды жалғастыруды көздеп отырмыз. Мәселен, жыл басынан бері Шеврон және Тойота секілді ірі трансұлттық корпорациялар газетімізге жарнамалық материалын шығарып үлгерді", дей келе Дархан Қыдырəлі газет 24 жылдан кейін, яғни 2017 жылғы қарашадан бастап киоскілер желісінде сатыла бастағанын атап өтті. Оның айтуынша, былтыр 80 киоскіде сатыла бастаса, биыл бұл көрсеткішті жүзге жеткізу жоспарланған. Бұдан бөлек "Егемен Қазақстан" газеті көпшілік орындарда да таратылып жатыр.

Гүлнұр Қуанышбекқызы, 

"Егемен Қазақстан"