Биылғы кезекті Жолдауында да осы мәселе ерекше көңіл бөлді. «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталатын жетінші бағытта жас ұрпаққа білім берудің жаңа сапасы туралы, яки оның мазмұнын замана талабына сай құруға қатысты келелі әңгіме қозғап, оны жүзеге асырудың нақты жолдарын көрсетті. Әсіресе, Елбасының «білім беру саласын экономиканың жеке саласы ретінде дамыту керек» деген ойы аса маңызды.
ЖаҺандану дәуірі жинақылықты, ұқыптылықты, нақтылықты талап етеді. Президенттің «өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамның идеалына айналуға тиіс» деген сөзі білімді ұрпақтың бойынан табылар басты қасиеттер болуы керек. Қай салада болсын білімді жас өзгелерден оқ бойы озық тұрады. Елдің ертеңі, жас ұрпақ жан-жақты, бәсекеге қабілетті, білімді болса, ол – болашағымыздың кепілі деген сөз.
Жалпы, Президент бастамасымен қолға алынған кез келген мемлекеттік бағдарламаның басты мақсат елімізді жаңа сатыға көтеру, инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайын жақсарту екені белгілі. «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілгендей, саяси-экономикалық әлеуетімізді реттеу арқылы мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына кіргізу, оған қоса, мәдениетіміз бен руханиятымызды жетілдіруді басты назарда ұстау керек.
Биылғы Жолдаудың да міндет-мақсаты осыған саяды. Мұнда саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға бағытталған 10 басымдық көрсетілген. Мемлекет басшысы алға қойған мақсаттарды «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, бірлесе жүзеге асырар болсақ, мемлекетіміздің алар белесі мол болмақ.
Талғат КҮЗЕМБАЕВ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері