Қазақстан • 07 Ақпан, 2018

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс ХХI конференциясы өтті

759 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау және «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласының атынан мәслихат депутаттарына үміткерлерді ұсыну мақсатында «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс ХХI конференциясы болып өтті.

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының кезектен тыс ХХI конференциясы өтті

Оған «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының бюро және сая­си кеңес мүшелері, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, «Жас Отан» Жастар қанаты­ның мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Конференцияны «Нұр Отан» партия­сы Алматы қалалық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова ашып, өз сөзінде Президент Жол­дауын талқылап қана қоймай, оның орындалуын партия тарапынан қада­ға­лау маңызды мәселе екендігін атап өтті.

Жолдаудың бірінші бағыты бо­йынша «Тұран» университетінің ректоры, Қоғамдық кеңестің төрағасы, мәслихат депутаты Рахман Алшанов, сегізінші және тоғызыншы бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Айгүл Байханова, оныншы бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, «НК СПК Алматы» АҚ басқарма төрағасы Мұхит Әзірбаев сөз сөйледі. Олар Елбасы Жолдауының маңыздылығын баса көрсетіп, оны толығымен қолдайтындықтарын білдірді.

Жолдауда көрсетілген маңызды бағыттардың бірі – «Алматы-2020» даму бағ­дарл­амасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ақылды қала» бағыты. Ал­дың­ғы жылы қалада бастау алған бұл жоба ашық, қолайлы және жайлы қала ортасын қалыптастыру үшін жаңа мүм­кін­діктер туғызады. Жоба аясында, сон­дай-ақ партияның Саяси доктринасын­да азаматтардың құқықтарын, бостан­дық­тарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етуге басты назар аударылады. Ашық қала ортасын қалыптастыру мақса­тында «Қауіпсіз қала» жобасы жүзе­ге асырылып келеді. Ал нарықтық қағи­дат­тар бо­йынша жұмыс істеп, тиімді және тұрақты қоғамдық көліктер саласын қалып­тастыру мақсатында Көлік реформасы жүргізілуде. 

Конференцияда қалалық мәслихат­тағы өз міндетінен босатылған депутат­тар­дың орнына жаңадан үміткерлер ұсынылды. Алматы қалалық мәслихаты­ның VІ шақырылым депутаты, Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және тех­никалық дизайн мектебінің директоры Ханзада Есенова қазіргі таңда Алматы қала­сы Мәдениет және мұрағаттар бас­қар­масының басшысы қызметін атқарады.

4 кандидат ішінен 2 үміткер мәслихат депутаттығына ұсынылды. Олар қоғам­дық ұйымдар мен бизнес саласының өкілдері.
Конференция қорытындысында Жолдау аясында атқарылатын іс-шара­лар жоспары бекітілді.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан» 

АЛМАТЫ