Аймақтар • 07 Ақпан, 2018

Сенатор С.Еңсегенов Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысында жұмыс бабындағы сапарда болды. 

Сенатор С.Еңсегенов Атырау облысына жұмыс сапарымен барды

Құрманғазы ауданының орталығы Ганюшкин ауылында өткен балық шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған жиналысқа қатысқан сенатор Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауында алға қойылған міндеттерге тоқталды. С.Еңсегенов балық шаруашылығы саласын өркендету туралы ойларын ортаға сала келіп, Парламент қабылдаған заңнамалық актілер туралы хабардар етті. Жиналысқа Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев төрағалық етті.

Сенатор Құрманғазы ауданына сапары аясында Азғыр полигоны аймағында болып, Балқұдық ауылындағы учаскелік полиция өкілдерімен де кездесті. Депутаттың хаты бойынша Азғыр өңірінде аудандық ішкі істер бөлімінің бөлімшесі ашылатын болды. Ашылып отырған бөлімшеге облыс әкімдігі тарапынан ғимарат берілді. Азғыр өңіріндегі 13 ауылдық округке қарайтын 9 ауылдың тұрғындары үшін ішкі істер бөлімшесінің ашылуы өте маңызды болып отыр. С.Еңсегенов Еңбекші ауылдық округіне қарасты Ашақ құмы мен Қошалақ ауылының маңындағы ақын Жұмекен Нәжімеденовке арнап қойылған ескерткіш басында да болды.

Сенат депутаты С.Еңсегенов Х.Досмуxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры А.Талтеновпен кездесуде Елбасының Жолдауындағы білім саласына қатысты міндеттер туралы айта келіп, жоғары білім беру ісін жетілдіру, аймақтық оқу орындарында ғылымды дамыту және «Алаш» қайраткерлерін ардақтау мәселелері талқыланды.