Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана мен «Көмектес» қоғамдық қоры бірлесе отырып, мемлекеттік тілімізді насихаттау және зағип оқырмандар арасында ақиық ақын,қазақ поэзиясының дүлділі, Хантәңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев шығармаларын қалың оқырман арасында насихаттау мақсатында кітапханада алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Мұқағали оқулары» фестивалі ыстық ықылас тудырды.Бұл фестивалінде 15 өнерпаз өз өнерлерін көрсетті.
Ақынның жауһар жырларымен көрермендерді сусындатқан ән мен жыр мерекесіне демеуші болғандар арасында «Таңбалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайы, «Жігер» мүмкіндігі шектеулі адамдар жастар ұйымы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Алматы қалалық Мәдениет басқармасы және басқа ұйымдар мен жеке адамдар қол ұшын созды. Әдемі әуенімен келушілерді тәнті еткен Қапиза Айшуақова, Кенже Қорғанбаева, Галина Хмырова, Мейрамгүл Исатова, Рүстем Тайыров өнерлері сезіміңді аялайды. Сөйтіп,
«Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада өткен жыр кеші күмбірлеп әнге ұласты,жаңғырығып Мұқағали ақынның көкейді тербеген отты жырларына жалғасты.
«Мұқағали оқулары» әдемі өрнегімен жиналған жұртшылықты сағыныш болып бір сейілтіп, жабырқай көңілдерін жадыратып тастады.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ