Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, 1673 адамның 661-і жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.
«Тұрақты жұмысқа – 302, әлеуметтік жұмыс орындарына – 4 адам орналастырылды. 349 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 6 адам «Жастар тәжірибесі» бойынша тағылымдамадан өтетін болады», – деп жазылған таратылған хабарламада.
Қаңтар айында елордада 1090 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 25-і құрылыс саласында, 71-і білім беру саласында, 19-ы бөлшек сауда саласында және 970-і бизнес пен басқа салаларда құрылды.
Айта кетейік, «Электронды еңбек биржасы» (www.enbek.kz) порталында бүгін 4501 бос жұмыс орны бар.