«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дегендей, бүгінде қазақ жерінің әр түкпірінде орын алып отырған мына жағдай ойлантпай қоймайды. Ең бастысы, мұның ел мәдениетіне, тарихына келтіретін зардабы орасан, сондықтан алдын алатын кез келді.

...Былтыр күз айында әрбір бұта мен жусаннан тарихтың көне белгісін іздеген ел мен жерге жанашыр азаматтармен бірге Маңғыстаудың бірнеше тарихи-мәдени орындарын аралап, алыс түкпірдегі аталар рухтарына зиярат ету мүмкіндігі туындаған болатын. Белгілі Шерқала тауынан өтіп, Ақмышқа маңдай тіреп, көңілімізді де, көзімізді де осы тұсты жанай жатқан Қызылқала қалашығының орнына аудара бергеніміз сол еді, елсіз жатқан далада жаяулатып келе жатқан жалғыз адамды аңғардық. «Қыстың көзі қырауда» демекші, құбылмалы күздің қара суығында жапан даланы жаяу аралаған жанды тосып, тілдесуге тырыстық. Сөйтсек бұл жоқ іздеген қазақ та, қойын қаптата жайған шопан да емес, Франциядан келген француз азаматы екен. Сапар мақсатын айтқан жоқ, біз сопылық ілімнің сүрлеуімен 362 әулиелі Маңғыстаудағы аталар қауымын аралап, зиярат еткен мұсылман, әлде ескі орындардан әлдебір дүния – «айдаладан батпан құйрық» іздеген келімсек болар деп топшыладық.
Олай ойлауға негіз де жоқ емес. Маңғыстаудың өн бойын түрткілеп-тіміскілеп, қара жердің қойын-қонышын қопара қазып, тарихи ескерткіштер мен үйінділерді аударып-төңкеріп, тау қойындарына, үңгірлерге сүңгіп, жыра-жықпылды қаққылап қазына іздеушілер көбейіп кеткен. Қолдарына арнайы темір, қазына түрлерін іздейтін бір-бір құрылғыны ұстаған «қара археологтар» мотоцикл мен жол талғамайтын көліктерге мініп, ен даланы еркін кезіп жүр. Өздерін «жоқты іздеуші, өткенді жаңғыртушы ел патриоттары» санайтын бұлардың көксегені расында ел мәдениеті мен тарихын түгендеу ме? Жоқ! Ескі орындардан табылған қымбат металдарды, асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар мен өзге де қазба байлықтарды табыс көзіне айналдыру. Әйтпесе, тапқан мыс, күміс, алтын тиындары мен сақина, өзге де табыстарын саудаламас еді олар?! Сатып алады-ау деген жандарға телефон соғып, көненің көзін әспеттеген мекемелерге хабарласып, әлеуметтік желілерде жар салмас еді. Кімнің қай жерден не тауып, оны қайда жібергенін ешкім білмейді – есепсіз жүріс, аласапыран алыс-беріс. Тіпті ескі қолжазбалар, көне кітаптар, жазу-сызуы, белгі-бедері бар сақиналардағы қаншама сырлардың келімсектермен бірге келмеске кеткенін ойлағанда, өкінуден басқа амал жоқ.
Біздің даладағы бұл дүрбелең Ресейде металл іздеушіні немесе сол мақсаттағы құрылғы ұстағанды әкімшілік жауапқа тарту туралы заң қатайған соң күшейе түскен.
«Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?» дегендей, жердің асты мен үстін, тіпті ауа мен суды қызғыштай қорыған көрші елдің екпіні көкейін жер қойнын ақтарып, қазба іздеу тескен ашкөздерді шекарадан бері шұбыртқан секілді. Күн жылынып, жераяғы кеңіген көктемде, жаймашуақ жазда Үстірт үстін, шың жиектерін аралап жүрген ресейлік «қонақтарды» көресіз, көресіз де үндемейсіз. Оған жергілікті жігіттердің қосылып, олар салып кеткен соқпақты одан әрі кең даланы кеулей созып, олар бастаған істі белсенділікпен жалғастырып жүргенін түсінесіз. Оған да үндемейсіз...
Бүгінде «қара археологтар» Маңғыстауда Шерқала тауының айналасын толық қазып, Есекеннің ойындағы үйікті де 3-4 метр тереңдікте қопара үңгіген. Бұлардың әрқайсысы тарихи дерекке бай, шежірелі орындар. Мысалы, «қара археологтардың» назарынан тыс қалмай, осы кепті киген Қызылтас бекінісін алайық. Ресей мен Хиуа арасындағы шиеленіске орай 1834 жылы Каспий теңізінің солтүстік-шығысында салынып, қазақ үшін қайғылы жылдардың белгісі болған Ново-Александров қамалы – Қызылтас бекінісі 500-ге тарта жауынгерден құралған әскер ұстап, Хиуаны жаулау үшін қамданған патшалық Ресейдің әскеріне әрі-бері өткенде жан-жақты қолдау көрсеткен маңызды нысан қызметін атқарған. Маңғыстау ауданының аумағындағы Сай-Өтес ауылынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан аталмыш бекініс орнында бүгінде Қызылтас мешіті, қорым және тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары сақталған. Отаршылықтың қамытын кигізген тарих ащы болғанмен, ескерткіштің аты ескерткіш, ол сақталуы, зерттелуі, ұрпаққа насихатталуы, сонымен қатар өз құндылығымен, тарихилығымен уақытқа, қоғамға, ұрпаққа Отанды, ел мен жерді сүйіп, өткендерді құрметтеу үшін рухани тұрғыда қызмет етуі тиіс. Алайда, біз оларды лайықты қорғап, рухани тұрғыда пайдалана алмай келеміз. Қызылтас бекінісі де ойдым-ойдым қазылып, ойсырап жатыр.
Неге бұлай? Біз неге «қара археологтардан» қорғана алмаймыз? Олардың озбыр әрекетін көре тұра ләм дей алмайтынымыз қалай? Дей алмаймыз, өйткені оларға уәж айтуға заң аясында құқымыз жоқ екен. Бізде ауа, су, жердің асты-үсті емес, тек мемлекеттік қорғауға алынған жерлерге, нысандарға тиіспесе болғаны, қалған кең даланың, ол жерлердегі сансыз мұралардың сұрауы жоқ екен. Осыны жақсы білетін жоқ жерден тапқыштар кең даламызды алаңсыз кезіп жүр...
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы
«Астана» сапына француз футболшысы қосылды
Футбол • Бүгін, 22:35
Елордалық өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу өткізді
Елорда • Бүгін, 22:03
Қытай Тайвань маңындағы әскери жаттығуларын аяқтады
Әлем • Бүгін, 21:35
Елордада Сығанақ көшесіндегі учаске жабылды
Елорда • Бүгін, 21:06
Тексеру жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлыққа толықтыру енгізілді
Президент • Бүгін, 20:36
Елордалық ҚХА өкілдері киелі орындарды аралады
Елорда • Бүгін, 20:00
Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ
Әлем • Бүгін, 19:30
Елордада жаңа оқу жылында 11 мектеп ашылады
Елорда • Бүгін, 19:01
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 18:25
Бағдат Мусин «Байқоңыр» кешенінде туризмді дамытуды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 18:20
Сырдария өзенінің сағасы қалпына келтіріледі
Экология • Бүгін, 17:51
Жарты жылда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кетті
Қоғам • Бүгін, 17:41
Жапония үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 17:36
Елордада зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Абай • Бүгін, 17:28
Мемлекет басшысы ANTIKOR төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:20
Елордада ерекше баласы бар отбасыларға арналған орталық ашылды
Елорда • Бүгін, 17:13
Өскемен турнирінде қазақстандық теннисшілер өзара кездеседі
Теннис • Бүгін, 17:03
Елорда көшелерін тағы да су басты
Оқиға • Бүгін, 16:50
Қазақстандықтар 236 мың адамға көбейді
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Еліміздегі алтын-валюта активтерінің көлемі артты
Экономика • Бүгін, 16:30
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 16:27
Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырған күдікті қамалды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Білім • Бүгін, 16:05
Қаржы • Бүгін, 15:58
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді
Экономика • Бүгін, 15:42
СҚО-да 600-ге жуық ұстаз жетіспейді
Қоғам • Бүгін, 15:33
Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді
Футбол • Бүгін, 15:27
Әзербайжанда «Қазақ прозасы» антологиясы жарық көрді
Әдебиет • Бүгін, 15:18
Майамиден Ыстанбұлға бағытталған ұшақта жолаушы қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 14:59
Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына
Руханият • Бүгін, 14:50
Алматы тауларында адасқан шетел азаматы табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:43
БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:33
Қазақстан-Эстония әйелдер құрамасының матчы Қарағандыда өтеді
Спорт • Бүгін, 14:25
Қостанайда жоғалған 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Білім • Бүгін, 14:06
Ұзынағаштағы атысқа қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды
Оқиға • Бүгін, 13:38
Абай • Бүгін, 13:10
Алматы облысындағы сарбаз өлімі: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Оқиға • Бүгін, 12:52
Заңгер Бұрхан Жансейітов уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қоғам • Бүгін, 12:43
Ұқсас жаңалықтар