Қазақстан • 08 Ақпан, 2018

Бағыт-бағдарымыз айқын

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ата Заң нормаларын іске асыру кешенді және әмбебап сипатқа ие. Өйткені ол адамның, қоғам мен мемлекеттің өмір сүруінің аса маңызды бағыттарымен байланысты қоғамдық қатынастардың түрлі салаларын қамтиды.

Бағыт-бағдарымыз айқын

Ел Конституциясы адамды және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазына деп таниды. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауда консти­туциялық құндылықтардың шынайы өмірде іске асырылуы көрініс тапты. Бұл орайда Президент «Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді, сондықтан біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болуымыз қажет», деп атап өтті.

Уақыт сынына төтеп беру үшін, Елбасы қазақстан­дық­тардың алдына орындалуы қажет 10 бағыттың басым­дылығын белгілеп берді. Қойылған міндеттердің бәрі де былтыр өткізілген конституциялық реформаның мазмұнына сәйкес келеді. Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру бойынша Елбасының тапсырмаларын одан әрі іске асыру басым бағыттардың бірі болып қала береді деп ойлаймын. Бұл тұрғыдан алғанда, Конституциялық Кеңес Төрағасы Қ.Мәми Конституциялық Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды. Мақсатымыз, бағыт-бағдарымыз айқын, енді ел Президентінің Жолдауын іске асыру жөніндегі жұмысты сауатты ұйымдастырып, іске кірісу қажет.

 

Әлібек ТЕМІРБЕКОВ,

Конституциялық Кеңес мүшесі