Аталған стратегияда ұсынылған жаңа тың идеялар басшылық тарапынан қолдау алып, жұмыс қарқынды түрде жүзеге асты. Осы «Идеялар тақтасында» туындаған тың жобалардың бірі «Фитобар» ұйымдастыру болатын. Бұл бастаманы ұсынған, биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі Сәуле Шаханова мен жас маман Мәлика Қосщиева.
Білім алушыларға туған өлкемізде өсетін емдік өсімдіктерді насихаттау, мектеп білім алушыларының иммунитетін көтеру, бұлшық ет тонусын жақсарту, әртүрлі созылмалы аурулардың алдын алу мақсатында ашылған фитобар аптаның алты күнінде жұмыс жасайды. Ұйымдастырпушылар аптаның әр күнін шәй түрлеріне орайластырғна. Атапа айтсақ, дүйсенбіде киікоты шәйі, сейсенбіде өт айдайтын зерде шәйі, сәрсенбі мен бейсенбіде тиісінше кеуде фито шәйі мен жантақ шәйі берілсе, жұма және сенбі күндерінің еншісінде қалақай шәйі мен қан қысымын реттейтін шәй беріледі.
Емдік қасиетімен қатар, ширақтықты сыйлайтын бұл шəйларды кез келген уақытта мұғалімдер, мектеп қонақтары, қызметкерлер мектеп дəлізінде ішуге болады. Бұл тұнба шәйларды жаратылыстану пәнінің зертханашылары дайындайды.
Алдағы уақытта мектеп білім алушыларынан құралған «Жасыл желек» командасы көктем айларынан бастап, мектеп ауласында өсетін жолжелкен, сораң, жантақ, адыраспан шөптерін әрқайсысын пісу уақытында теріп алады. Оны жуып, кептіріп, тазалап, келесі жылы жыл бойы пайдаланамыз деп жоспарлап отыр». Бұл жоба білім алушылардың қызығушылығына ие болып, олардың ғылыми-зерттеу ізденісіне негіз болды.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы