Қазақстан • 12 Ақпан, 2018

Георгий Ким Корея Ұлттық Ассамблеясының төрағасымен кездесті

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы  Георгий Ким Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Чун Се Кюнмен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Георгий Ким Корея Ұлттық Ассамблеясының төрағасымен кездесті

Тараптар саясат, сауда-экономика, көлік және ин­дус­триялық-инновация са­­­ла­ларындағы өз­ара ынты­мақ­­тастық мәсе­ле­­ле­рін тал­қылады. «Екі­жақ­­ты қа­ты­нас­тар саласында осы жыл ма­ңызды оқиғалар мен ша­­раларға толы болып отыр. Корея Республикасы Пре­­зи­ден­ті Мун Чже Иннің би­­ылғы ма­мыр соңындағы Қазақ­стан­ға сапары негізгі оқиға болуы тиіс», – деді сенатор.

Г.Ким Президент Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 9-11 қарашадағы Сеулге мем­ле­кеттік сапары барысында қол қойылған Стратегиялық әріп­­тестік қатынастарды одан әрі тереңдету туралы бірлескен дек­ла­рацияның зор маңызын атап өт­т­і. Жүздесушілер екіжақты ауқым­ды байланыстарды ны­ғай­ту үшін пар­ламентаралық өз­ара іс-қи­мыл­дың ерекше ма­ңызы туралы ортақ пікір біл­дірді. Де­путаттық достық топтары жүйе­сі бойынша парла­ме­н­таралық байланыстарды дамы­ту туралы келісімге қол жет­кі­зілді, Қазақстан Пар­ла­менті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының басшысына биыл ресми сапармен Астанаға келуге шақыруы табыс етілді. Г.Ким еліміздің инвестициялық заңнамасымен және экономикалық жос­пар­ларымен таныстырып, Қазақ­стан­дағы жобаларды іс­ке асыру жөніндегі бірлескен жұ­мыс­тарға корей бизнесін ша­қырды. Корей түбегіндегі жағдайды реттеу тақырыбын талқылау барысында Г.Ким БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстанның 2018 жылы қаңтарда қабылдаған ма­ңызды шараларына тоқ­талды. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­­сінің 18 қаңтардағы Президент Н.Назарбаев пен По­льша президенті А.Дуда қа­тыс­­қан «Жап­пай қырып-жою қа­руларын таратпау: сенім ша­ралары» тақыр­ып­тық бри­фингін атап өтіп, оның қо­ры­тындысы бойынша Қау­іп­сіздік Кеңесі төр­аға­сы­ның аймақтық қақты­ғыс­тар­ды бол­дырмау және алдын алу дипломатиясы туралы мәлім­де­месі қабылданғанын айтты. Қазақстан Республикасы үн­қа­тысу қалыптасатынына және  Корей түбегіндегі шиеленістің шешімі табылатынына сенім артады, деді Г.Ким.