Білім • 13 Ақпан, 2018

Болымсыз тәжірибе үйренген бітіруші. Одан қандай мұғалім шығады?

458 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Президентіміздің биылғы Жолдауы елімізді әлемдік техно­логиялық дамудың ұлы көші­нен кейіндеп қалмауға, жедел түрде технологиялық, эконо­микалық, әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыда нығайтуға, сол арқылы қазіргі за­манғы сын-қатерлерге толық жауап беруге бағыттауға арналды.

Болымсыз тәжірибе үйренген бітіруші. Одан қандай мұғалім шығады?

Фото: Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Жолдауда 10 негізгі міндет санамалап аталды. Бұлар – елімізде ин­дустрияға жаңа технологиялар­ды енгізу, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, «Ақылды техно­ло­гиялар» – агроөнеркәсіптік ке­ше­нін қарқынды дамыту, көлік-ло­гистика инфрақұрылымы­ның тиім­ділігін арттыру, құрылыс­қа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, қаржы секторын қайта жаң­ғырту, адами капиталды жаңа сапаға көтеру, жаңғырту, тиім­ді мем­ле­кеттік басқару, жем­қор­лық­пен кү­рес және заңның үстем­дік құруы сы­н­­ды келелі мәселелер.

Айтылған міндеттердің қай-қайсысы да өзекті екені әрі еліміз­дің өсіп-өркендеуінде маңызды орын алатыны рас. Алайда, адами капиталдың жөні бөлек. Бүгін­де адами капитал және оны жаңа сапада даярлау ісі кезек күт­тірмес міндет екені баршаға аян. Өйткені адами капитал ең алдымен елдің тірегі. Оның жоғары сапа­лық дең­гейде болуы біздің тәуел­сіз мем­ле­кетіміздің алтын ар­қауы, берік те бекем іргетасы, хал­қы­мыздың жарқын болашағы деп ұғамыз.

«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деп дана халқымыз тектен-текке айтпаған болса керек. Бұл жерде ел білімінің, оның функциялық сауаттылығының орны орасан. Білімсіз елдегі адами капиталды көзге елестету еш мүмкін емес. Ал білім бар жерде ғылым міндетті түрде дамиды. Сол себепті ел Президентінің аталған екі мәселеге қатар назар аударуы көңілге қуаныш ұяла­­та­ды. Айталық, білім беру жү­йесі мен ғылымды, денсау­лық сақтау саласын осы заман­ғы озық жетістіктерге сай өркен­дету, ха­лық­тың әлеуметтік-тұрмыс­тық жағ­дайын жақсарту, еліміз­дегі тұрақтылық пен келісім­нің бәрі, сайып келгенде, тұрақ­ты қоғам­дық-саяси, рухани, эконо­микалық қарқынды дамудың негізі болып саналады. Сондықтан да Елбасы бұл жайттарды биылғы Жолдауында шегелеп айтты.

Жаңа Жолдауда білім беруді жаңа сапаға көшіру, ол үшін бар­лық жастағы азаматтарды қам­титын білім беру ісіндегі өзі­міз­ге тән озық жүйемізді құру, білім бағдарламаларындағы не­гізгі басымдықты өмірдегі өзге­ріс­терге үнемі бейім болуға бағыттау және білім алушы­лардың жаңа білімді меңгеру қабілетін арттыру секілді шараларды іске асыру ескертілді. Мектепке дейінгі білім беру мен орта білім жүйесі жа­­­ңартылған білім мазмұны­на сай бағдарламалармен тәрбие­леп-оқытуға көшетіні, педагогтар­­дың білімі мен біліктілігін арттыру мәселесі, университеттер­дегі пе­да­­гогикалық кафедралар мен фа­культеттерді дамыту, білім беру­­­дің барлық буындарында ма­те­матика және жаратылы­с­тану пәндерін оқыту сапасын кү­шейту жайы жас буынды жаңа тех­нологиялық қалыпқа даяр­лаудың маңызды шарты ретінде айрықша атап көрсетілді.

Жалпы білім беретін орта мек­тептегі, әсіресе бастауыш сыныптардағы шәкірттердің оқу жүктемесінің шектен тыс көп­тігі, оқу бағдарламаларының ауыр­лығы мен күрделілігі халық­ты көп­тен мазалап жүрген мәселе болатын. Мұны Елбасы «...Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғаны және Экономика­лық ынтымақтастық және даму ұйы­мы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп еке­нін ескеріп, оны төмендету керек», деп қатаң тапсырды.

Мен осы жерде бұған қоса сонау ауыл мектебінде мұғалім болып, білім саласының әр буынында (бастауыш сынып, орта және жоғары мектеп, кәсіби біліктілікті арттыру, министрлік) 45-50 жыл­дай қызмет еткен маман-мұға­лім, әдебиетші әдіскер-ғалым ре­тін­де көптің көкейінде жүрген, бас­пасөзде талайдан айта-айта жауыр болған қазіргі қазақ орта мектебінің әр сыныбындағы оқу бағдарламаларында тұтастықтың, сабақтастықтың, жүйеліліктің, ішкі өзара байланыстың жоқты­ғын айтқым келеді. Бізде соңғы кезде ортақ істің мүддесіне орай олқылық­тарды болдырмау үшін ұсыныс-пікір айтсаңыз болды, оны ауыр сын ретінде қабылдайтын жаман әдет пайда болды.

Президент Жолдауында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру, латын әліпбиіне көшу мен терминология мәселелері де на­зардан тыс қалған жоқ. Мем­­ле­кет басшысы тілдер тура­лы баяндағанда терминоло­гия жөнінде де орынды ой қозға­ды. Расында да, термин, кірме сөз­дер мәселесін бір ізге түсіре­тін кез келді. Олай етпесек, бас­қа­ны былай қойғанда мек­теп­тегі бас­­­т­ауыштың 1-2-3 сынып оқу­шы­­ларын қарадан-қа­рап шатас­ты­­рып барамыз. Мәсе­лен, жас жет­­кіншектердің оқу­лық­тарын­да затқы (рогатка – аша немесе Байтұрсыновша айт­қан­да, жақ болса бір сәрі), бақия (картоп), орамжапырақ, қырық­қабат (капус­та – екі түрлі беріледі, қайсысы­на тоқтаймыз?) секілді көңілге қоным­сыз сөздер кездеседі. Бір кез­дері қызанақты (помидор) кей ай­мақ­та қызыл домалақ, қиярды – көк­со­балақ, субұрқақты (фонтан) – шап­тырма, тіске басар­д­ы – (закуска) шайнама деп те шатас­тық. Орыс тіліндегі «является», «являюсь» деген етістік сөздерді сөй­­лемде аударғанда «болып та­бы­лады», «болып табыламын» деп қосып қою сияқты өрескел қате­ліктер жиілеп кеткені жасырын емес. Сонда «Он является его отцом» немесе «Я являюсь сту­дентом университета» деген сөй­лемдерді оларша «Ол оның әкесі болып табылады», «Мен университеттің студенті болып табыламын» деуіміз керек болып шығады. Ұлтын ұққан қазақ бұлай айтпаса керек.

Жолдауда жоғары білім беру ісіне қатысты бірқатар жаңа мін­деттер қойылып отыр. Айта­лық, бүгінгі талаптарға сай жасан­ды интеллектпен және «үлкен дерек­термен» жұмыс жүргізу үшін ақ­параттық технологиялар бойынша білім алатын түлектер санын арттыру, жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олар­дың академиялық еркіндігін заң­намалық тұрғыда қамтамасыз ету, оқытушылардың қайта даяр­лық­тан өтуіне жағдай жасап, жо­ға­ры оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тарту, әлемдік уни­верситеттердің кампустарын ашу қажеттігі нақтыланды.

Біз жоғарыда атағандай, Пре­з­и­дент Н.Назарбаев Жол­дау­да педагогтардың білімі мен білік­тілігін арттыру, педагоги­ка­лық кафед­ралар мен факультеттерді дамыту, университеттерге акаде­мия­лық еркіндік беру жайлы өте жақсы ой айтты. Өйткені бұ­лар­сыз ешбір маңызды құжат, еш­бір міндет толық жүзеге а­с­пай­ды. Сондықтан мүмкіндікті пай­­даланып қалуымыз қажет. Осы ретте күнделікті өмірде кез­де­сіп жүрген келеңсіздіктерді ата­масқа тағы болмайды. Мыса­лы, білім беру ведомствосында отыр­ғандар педагогикалық прак­­тиканы қысқартуға бейім тұ­ра­ды. Оның сағаттары жыл­дан-жылға қысқарып барады. Бұл мүлде дұрыс емес. Сонда болар-болмас сағат бөлінген педа­гогикалық практикадан толар-толмас тәжірибе үйрен­ген түлектен қандай мұғалім шығады? Егер әдіскер-мұғалім­нің оқу-әдістемелік көмегін көр­месе, оны тұшынып ұғынбаса, он­дай талапкердің бойында қан­дай кәсіби шеберлік өне­гесі қа­лыпт­асады? Біз сонда бола­шақ­қа қандай мұғалімдер даярлаймыз, қандай педагогтар әзірлеп шығарамыз деген сауалдар еріксіз ойға оралады. Мұны, біздіңше, 1 курстан бастап орта мектеп пен университеттің бірлескен дуалды білім беру жүйесіне айналдырған мақұл. Бұл бір деп қойыңыз.

Екіншіден, жоғары педагоги­ка­лық кәсіби білім беруде маман­дыққа тікелей қатысы жоқ, басы артық қосалқы пәндер әлі де кез­десіп отыр. Айталық, «Тір­шілік қауіпсіздігі негіздері», «Оқу­шы­лардың физиологиялық дамуы», «Білім берудегі менеджмент», «Инклюзивті білім беру» сияқты пәндердің қазақ тілі мен әдебиеті, филология маман­­дық­тарына қа­жет­тігі де шамалы. Бұ­лар­ды бо­ла­шақ мамандар алдағы ұс­таз­­дық ғұмырында өз­дері-ақ мең­­геріп алады. Оның үсті­не олар шә­кірттерге оқытылып жат­­­қан негізгі педагогикалық, пси­хо­ло­гия­лық, оқу-әдістемелік пән­де­рдегі сабақтарда айтылады. Оның орнына қазақ тілі мен әде­биеті мамандықтарында әлі күнге оқытылмай келе жатқан қажетті «Көркем шығарманы тал­дау әдістемесі», «Көркем шығар­маның мәтінін талдау» секілді басқа да тәжірибелік мәні бар қолданбалы әдістемелік пәндер­ді неге оқытпасқа? Алаштың ардақ­ты азаматы, көрнекті тілші-ға­лым, профессор Құдайберген Жұ­­бановтың «...Жүйелі білім бе­ру үшін мұғалімнің өзінде де жү­­йеге салынған білім болуы керек», дегені бар еді. Алаш ары­сы айт­пақшы, келешек пән мұ­ғалі­мі­нің тікелей ма­ман­дығы бойын­ша өзекті пән­дер­ден «жүйеге са­лын­ған» білім бергеніміз абзал болар.

Елбасы Жолдауға қатысты жасаған Мәлімдемесінде: «Білім беру жүйесінің барлық деңгейі заман шындығы мен экономика сұра­ныстарына жауап беруі тиіс. Бұл арада мұғалім мамандығының беделін арттыру керек», деп қадап айтты. Бұл, әрине, мұғалімдердің әлеу­меттік-тұрмыстық жағ­дайына, оларды материалдық тұр­ғыда ынталандыруға тікелей байланысты болмақ. Иә, Президент мұғалімдердің мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жала­қысы 2018 жылдың 1 қаң­тары­нан бастап 30-50 пайызға кө­бей­тілетінін, өткен жылдан бері жалпы білім беру саласы қыз­мет­керлерінің жалақысы 29 пайызға өскенін тілге тиек етті.

Қазақ елінің білімі мен ғылы­мы­на байланысты айтыл­ған мін­дет­­тердің барлығы ұлтымыз­дың рухани жаңғыруына, халық­тың болашағына пәрменді қыз­мет етеді. Бұл орайда сөз етіліп отыр­ған стратегиялық мәні бар құжат­та Мемлекет басшысы ха­лық­­тың әлеуетін арттыру үшін мәде­ниетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту керектігін, төл тарихын, тілін, мәдениетін бі­ле­т­ін, сонымен бірге заман та­ла­бына сай шет тілдерін мең­гер­ген әрі жаһандық озық көз­қа­расы бар Қазақстан азаматтары қоға­мымыздың идеалына айналуы қа­жеттігін де еске салды.

Түйіндей айтқанда, Елбасы ел біліміне үнемі назар аударып, білім беру саласын өскелең өмір өзгерістеріне сәйкес өркендетуге айрықша көңіл бөліп келеді. Биыл­ғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау алға қойған міндеттер жоғарыда айтылған ойларымыздың тағы бір жарқын дәлелі. Енді ел болып жұмылып, осы міндеттерді жүзеге асыруға атсалысу баршамыздың ортақ міндетіміз.

Бақтияр СМАНОВ,
Ұлттық ғылым академиясының академигі